KASE
АҚПАРАТТЫҚ-БІЛІМ
БЕРУ САЙТЫ
БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ ТАЛДАУЛАР ЖӘНЕ БАСЫЛЫМДАР ОҚЫТУ САУДА-САТТЫҚТАРЫ МЕН КОНКУРСТАР


"eTrade.kz" ЖШС рубрикасының серіктесі

Оқу терминалы "STrade" – сауда-саттық терминалының, оқу сауда-саттықтар серверіне қосылған, арнайы оқу нұсқасы ("STrade" ОСЖ), соның көмегімен "Қазақстан қор биржасы" (KASE) қаржы құралдарының ұйымдастырылған нарығы қызметінің ережелерімен танысуға, биржалық сауда-саттық жүйелерінде жұмыс жасау бойынша машықтанып, сондай-ақ практикада бағалы қағаздар нарығында инвестициялау мүмкіндіктері туралы өзінің теориялық білімдерін қолдануға болады.

"STrade" "STrade" ОСЖ туралы аудиопрезентациясы

"STrade" ОСЖ бойынша жетекшілік

* KASE еншілес ұйымы – "eTrade.kz" ЖШС әзірленген, "STrade" сауда-саттық терминалы, KASE мүшелеріне (лицензияланған брокерлер-дилерлер) және олардың клиенттеріне сауда-саттық барысы туралы нақты уақыт тәртіптемесінде қарауға және KASE сауда-саттық жүйесінде қаржы құралдарын сатып алу-сату мәмілелерін жасасуға мүмкіндік береді.

Оқу сауда-саттықтары демалыссыз, күнделікті ашық. Үзіліс: 07.00–08.00.

"Өмірдегідей" бағалар: бағаның өзгеруі нақты биржалық нарықпен арақатынаста болады. Жаңалықтарды қарап, жалпы бағаның көтерілуі немесе төмендеуімен ойнаңыз.

Нақты оқу терминалындағы сауда-саттық нысаны болып табылатын, қаржы құралдары:

Оқу терминалымен жұмысты бастау бойынша жалпы нұсқаулар:
  • Оқу терминалында жұмысты бастау алдында, "STrade" сауда-саттық терминалының оқу нұсқасының пайдаланушысына арналған жетекшілікпен танысыңыз ("STrade" ОСЖ туралы аудиопрезентациясы және "STrade" ОСЖ бойынша жетекшілік)

  • Оқу терминалына кіру үшін құпия сөзін алу үшін сайттың осы бетінде тіркеліңіз, мұнда логин (немесе ID пайдаланушысын сәйкестендіру) пайдаланушының электрондық поштасының мекен-жайы болып табылады

  • Тіркеуден кейін электрондық пошта мекен-жайына құпия сөзі – KASE генерациялаған, таңбалар жиынтығы жолданады

  • Сайттың осы бетінде Оқу терминалын (арнайы компьютерлік бағдарламасы) орнату үшін пайдаланушы "STrade" ОСЖ (Оқу терминалын жүктеуді қараңыз) дистрибутивін жүктеуі тиіс

  • Оқу терминалын жүктеуді және орнатуды, сондай-ақ логинді (ID) және құпия сөзін қолдану арқылы жүйеге кіруді "STrade" сауда-саттық терминалының оқу нұсқасын пайдаланушыларға арналған жетекшілік ("STrade" ОСЖ бойынша жетекшілік қараңыз) арқылы жүзеге асыру қажет

  • KASE биржалық нарығында сауда-саттық жүргізу ережелеріне оқыту үшін пайдаланушыға автоматты түрде 500.000 теңге көлемінде виртуалды ақша беріледі

  • Виртуалды ақшаны пайдалана отырып, ойын үдерісінде пайдаланушы өзінің инвестициялық портфелін – қаржы құралдарының виртуалды жиынтығын қалыптастырады. Инвестициялаудың бастапқы кезеңінде портфельдің болжамды ағымдағы құны 500.000 теңгеден аспауы тиіс

  • Ыңғайлы болуы үшін Оқу терминалында талдамалық есептер – бағалы қағаздар нарығының кәсіби талдаушыларының үнемі жасайтын, зерттеулерінің нәтижелері қолжетімді және Оқу терминалының пайдаланушыларына танысу үшін ұсынылады






Ең үздік 20 қатысушылар

"STrade" ОСЖ жүктеу:
Көмегі: edu@kase.kz