KASE
АҚПАРАТТЫҚ-БІЛІМ
БЕРУ САЙТЫ
БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ ТАЛДАУЛАР ЖӘНЕ БАСЫЛЫМДАР ОҚЫТУ САУДА-САТТЫҚТАРЫ МЕН КОНКУРСТАР


Конкурстар


"Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) 2014 жылдың 01 қазанынан 12 желтоқсанына дейінгі кезеңде, Қазақстан Республикасындағы биржалық сауда-саттықты дәріптеу мақсатында, дара инвесторлар арасында екі конкурс өткізуді жоспарлады:
  • Акциялар нарығындағы конкурс

  • Деривативтер нарығындағы конкурс

Қатысушылар

Аталмыш конкурсқа, бір немесе конкурстың екеуіне де қатысуды көздеген, жеке тұлғалар қатыса алады.

Брокер

Егер Сіз жаңа бастаушы инвестор болсаңыз және/немесе Сіздің брокеріңіз болмаса, оны таңдап алу қажет.

Тіркеу кезеңі

Қатысушыларды тіркеу 2014 жылдың 15 қыркүйегінен 08 желтоқсанына дейінгі аралықта қызмет көрсетуші брокерлер арқылы (Дериватитвтер нарығындағы конкурс үшін – KASE клирингілік қатысушысы болып табылатын, брокер арқылы) жүзеге асырылады.

Биржалық сауда-саттықтар

Аталмыш конкурстар нақты (оқу емес) биржалық сауда-саттықтар негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу шарттары және тіркелу тәртібі туралы толық ақпаратпен танысыңыз.

Акциялар нарығындағы дара инвесторлар арасында конкурс (Акциялар нарығындағы конкурс) 2014 жылдың 01 қазанынан 12 желтоқсанына дейін өткізіледі.

Қатысушылар

Акциялар нарығындағы конкурсқа, тіркеуден өткен, брокерлердің (KASE қор нарығының мүшелерінің) клиенттері болып табылатын, жеке тұлғалар қатысады.

Бұл ретте:
  • егер Сіз жаңа бастаушы инвестор болсаңыз және Сіздің брокеріңіз болмаса, конкурсқа қатысу үшін оны таңдап алып, онымен брокерлік қызмет көрсетуге келісім-шарт жасасуыңыз керек

  • шарттардың әділеттілігін сақтау үшін, Акциялар нарығындағы конкурсқа KASE қызметкерлері мен брокерлері қатыстырылмайды
Тіркеу

Тіркеу тәртібімен қарастырылған:
  • Акциялар нарығындағы конкурсқа қатысушы ретінде жеке тұлғаларды тіркеу брокерлер арқылы жүзеге асырылады

  • қатысушы өз брокеріне Акциялар нарығындағы конкурсқа қатысуға өтінімін белгіленген үлгі бойынша жолдайды

  • брокер, Акциялар нарығындағы конкурсқа қатысуға өтінім береген, клиенттердің тізімдерін қалыптастырып, осы тізімді биржаға жолдайды

  • KASE Акциялар нарығындағы конкурсқа қатысушысына, өтінімде көрсетілген электрондық поштаның мекен-жайына тіркеу туралы растау жолдайды
Акциялар нарығындағы конкурсқа қатысу үшін тіркеу 2014 жылдың 15 қыркүйегінен 08 желтоқсанына дейін жүргізіледі.

Шарттары

Акциялар нарығындағы конкурс мынадай шарттармен өткізіледі:
  • Акциялар нарығындағы конкурстың қаржы құралдарының айрықша тізімі – KASE Индексінің өкілетті тізімінде тұрған, сегіз жетекші компанияның жай акциялары (акциялар)

  • Акциялар нарығындағы конкурста қатысушыға тиесілі және/немесе конкурс барысында сатып алынған/сатылған акциялары ескеріледі

  • инвестициялардың көлемі мен акциялар санына шектеу қойылмайды

  • Акциялар нарығындағы конкурста қатысушы тек бір брокердің клиенті ретінде ғана қатыса алады

  • нақты биржалық сауда-саттықтар KASE сауда-саттық жүйесінің қолданыстағы нұсқасында өткізіледі және Қазақстан Республикасының заңнамасы мен KASE ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады

  • Акциялар нарығындағы конкурс өткізу барысында акцияларды сатып алуға және/немесе сатуға кемінде екі мәміле жасасуы тиіс
Жеңімпаздар

Акциялар нарығындағы конкурстың өту барысында жасалған мәмілелердің нәтижелері бойынша максималды кіріс алған үш қатысушы осы конкурстың жеңімпазы атанады.

KASE жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен марапаттайды.

Бұл ретте:
  • KASE Акциялар нарығындағы конкурстың жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау датасын өз интернет-сайттарында ақпараттар орналастыру арқылы жариялайды

  • KASE жеңімпаз атанған қатысушыларды, өтінімдерінде көрсетілген байланыс мәліметтері бойынша, ақпараттандырады

  • жеңіп алған жүлдені алу үшін, жеңімпаз биржаға жеке куәлігінің көшірмесін ұсынуы тиіс
Акциялар нарығында Дара инвесторлар арасында конкурс өткізу ережелерімен танысыңыз.

Деривативтер нарығындағы дара инвестора арасында конкурс (Деривативтер нарығындағы конкурс) 2014 жылдың 01 қазанынан 12 желтоқсанына дейін өткізіледі.

Қатысушылар

Конкурсқа, тіркеуден өткен, брокерлердің (KASE қор нарығының мүшелерінің) клиенттері болып табылатын, жеке тұлғалар қатысады.

Бұл ретте:
  • егер Сіз жаңа бастаушы инвестор болсаңыз және Сіздің KASE клирингілік қатысушы болып табылатын брокеріңіз болмаса, Деривативтер нарығындағы конкурсқа қатысу үшін оны таңдап алып, онымен брокерлік қызмет көрсетуге келісім-шарт жасасуыңыз керек

  • шарттардың әділеттілігін сақтау үшін, Деривативтер нарығындағы конкурсқа KASE қызметкерлері мен клирингілік қатысушылардың трейдерлері қатыстырылмайды

  • KASE клирингілік қатысушылары болып табылатын брокерлер: "Фридом Финанс" АҚ, "Сентрас Секьюритиз" АҚ и "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ
Тіркеу

Тіркеу тәртібімен қарастырылған:
  • Деривативтер нарығындағы конкурсқа қатысушы ретінде жеке тұлғаларды тіркеу брокерлер арқылы жүзеге асырылады

  • қатысушы өз брокеріне Деривативтер нарығындағы конкурсқа қатысуға өтінімін белгіленген үлгі бойынша жолдайды

  • брокер, Деривтаивтер нарығындағы конкурсқа қатысуға өтінім береген, клиенттердің тізімдерін қалыптастырып, осы тізімді биржаға жолдайды

  • KASE Деривативтер нарығындағы конкурсқа қатысушысына, өтінімде көрсетілген электрондық поштаның мекен-жайына тіркеу туралы растау жолдайды
Деривативтер нарығындағы конкурсқа қатысу үшін тіркеу 2014 жылдың 15 қыркүйегінен 08 желтоқсанына дейін жүргізіледі.

Шарттары

Деривативтер нарығындағы конкурс мынадай шарттармен өткізіледі:
  • Деривативтер нарығындағы конкурстың қаржы құралдарының айрықша тізімі – Биржада айналысқа жіберілген, орындау мерзімі үш және алты айлық, қор фьючерстері

  • инвестициялардың көлемі мен фьючерстердің санына шектеу қойылмайды

  • Деривативтер нарығындағы конкурста қатысушы тек бір брокердің клиенті ретінде ғана қатыса алады

  • нақты биржалық сауда-саттықтар KASE сауда-саттық жүйесінің қолданыстағы нұсқасында өткізіледі және Қазақстан Республикасының заңнамасы мен KASE ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады

  • қажетті жағдайда Деривативтер нарығындағы конкурс барысында оның қатысушысы қолдайтын маржасының жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету мақсатында маржалық жарна өткізеді

  • Деривативтер нарығындағы конкурс өткізу барысында қор фьючерстерімен (жайғасым ашу және/немесе бұрын ашылған жайғасымды жабу бойынша) кез келген көлемдегі кемінде бес мәміле жасасуы тиіс
Жеңімпаздар

Конкурстың өту барысында фьючерстермен жасалған мәмілелердің нәтижелері бойынша максималды кіріс алған үш қатысушы осы конкурстың жеңімпазы атанады.

KASE жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен марапаттайды.

Бұл ретте:
  • KASE Деривативтер нарығындағы конкурстың жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау датасын өз интернет-сайттарында ақпараттар орналастыру арқылы жариялайды

  • KASE жеңімпаз атанған қатысушыларды, өтінімдерінде көрсетілген байланыс мәліметтері бойынша, ақпараттандырады

  • жеңіп алған жүлдені алу үшін жеңімпаз биржаға жеке куәлігінің көшірмесін ұсынуы тиіс
Деривативтер нарығында Дара инвесторлар арасында конкурс өткізу ережелерімен танысыңыз.
Жеке инвесторлар арасында конкурс өткізуге қатысты қосымша ақпарат:
  • (Қатысушылар мен брокерлер үшін) – тиісті қаржы құралдарымен Биржаның ақпараттық жүйесіне сауда-саттық ашылғанға дейін, сол қатысушының өтінімі көшірмесінде көрсетілген ақпарат енгізілген күн қатысушы үшін кез келген Конкурстың алғашқы күні болып есептелсін. Ондай күн болып Биржаның аталмыш өтінімді брокерлік ұйымнан аталмыш өтінімнің көшірмесін алған күн немесе аталмыш өтінімнің көшірмесін алған келесі күні болып есептеледі.

  • (Клирингтік қатысушылар үшін) – деривативтер нарығында конкурс өткізу ережесінің 16 тармағына сәйкес, 2 қосымша нысаны бойынша клиенттік шоттан (клиенттік шотқа) ақшаны есептен шығарған (аударған) жағдайда ақпарат ұсынуы тиіс. Ақпарат жеке инвесторлар арасында конкурс өткізуді ұйымдастыру комитетінің шешіміне сәйкес жарияланады (18 қыркүйектегі отырыстың № 1 хаттамасы)




Сұрақтарға үшін: edu@kase.kz


Серіктес:





Шараны қолдағандар:

















Ақпараттық серіктестері: