KASE
АҚПАРАТТЫҚ-БІЛІМ
БЕРУ САЙТЫ
БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ ТАЛДАУЛАР ЖӘНЕ БАСЫЛЫМДАР ОҚЫТУ САУДА-САТТЫҚТАРЫ МЕН КОНКУРСТАР


Глоссарий


А
автоматты репо нарығы репо операцияларын "автоматты" тəсілмен жүзеге асыруға арналған, сауда-саттық жүйесінің мамандандырылған бөлігі KASE Биржалық кеңесінің 2012 жылдың 29 ақпанындағы шешімімен (№ 04 хаттама) бекітілген, Репо операцияларын жүзеге асыру ережелері (4 тармақтың 7 тармақшасы)
агенттік облигация эмитенті қаржы агенттігі болып табылатын, облигация "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заңы (1 бабының 1 тармағы)
АЕК Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес зейнетақы, жәрдемақы және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеуге, сондай-ақ айыппұл ықпалшараларын қолдануға, салықты салуға арналған айлық есептік көрсеткіш, оның мәнін Қазақстан Республикасының тиісті жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңдары белгілейді KASE Биржалық кеңесінің 2012 жылдың 29 наурызындағы шешімімен (№ 5 хаттама) бекітілген, Мүшелік жарналар мен биржалық алымдар туралы қағида (1 баптың 1 тармағының 1 тармақшасы)
акционер акцияның меншік иесі болып табылатын, тұлға "Акционерлік қоғамдары туралы" заң (1 баптың 3 тармақшасы)
акционерлік инвестициялық қор АҚ, қызметінің ерекшелігі, заңнама және оның инвестициялық декларациясында белгіленген талаптарға сәйкес, осы қоғамның акционерлері акцияларға төлеуге қосқан, ақшаларды, сондай-ақ осындай инвестициялау нәтижесінде алынған активтерді, аккумуляциялау және инвестициялау болып табылады "Инвестициялық қорлар туралы" заң (1 баптың 1 тармақшасы)
акционерлік қоғам (АҚ) өз қызметін жүзеге асыру үшін қаржылар тарту мақсатында акциялар шығаратын, заңды тұлға Азаматтық кодекс (85 баптың 1 тармағы)
акция АҚ шығаратын және АҚ басқаруына қатысуға, ол бойынша дивиденд және, АҚ жойылғанда, оның мүлігінің бір бөлігін алуға құқық беретін, сондай-ақ заңшығарушы актілермен қарастырылған өзге де құқықтар беретін, БҚ Азаматтық кодекс (139 баптың 1 тармағы)
акциялардың бақылау пакеті АҚ қабылдайтын шешімдерді белгілеуге құқық беретін, акциялар пакеті "Акционерлік қоғамдар туралы" заң (1баптың 5 тармақшасы)
акцияның номиналдық құны барлық жай және артықшылықты акцияларға арналған және акционерлік қоғамның құрылтай шартында (жалғыз құрылтайшының шешімінде) анықталатын бірыңғай баға, осы баға бойынша акциялар құрылтайшылар арасында орналастырылады (жалғыз құрылтайшы төлейді) "Акционерлік қоғамдар туралы" заң (1 баптың 6) тармақшасы)
ақпараттың бүтіндігі ақпараттарды рұқсатсыз модификациялаудан (өзгерту жəне/немесе толықтыру) қорғау KASE Биржалық кеңесімен 2002 жылдың 6 қарашасында (№ 15 хаттама) бекітілген, Сауда-саттық жүйесімен қашықтан кіру тәртіптемесінде жұмыс жасағанда бағдарламалық- -криптографиялық ақпаратты қорғау құралдарын қолдану ережелері (1 бабы 1 тармағының 18 тармақшасы)
андеррайтер Брокерлік және дилерлік қызметтерді жүзеге асыруға рұқсат ететін лицензиясы бар және эмитентке эмиссиялық БҚ шығару және орналастыру бойынша көмек көрсететін, БҚН кәсіби қатысушысы "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 3 тармақшасы)
арнайы кәсіпорын шетел мемлекетінің заңнамасына сәйкес ұйымдастырылған заңды тұлға, оның жалғыз қызметі, соның ішінде өзінің жалғыз құрылтайшысының (қатысушысының, акционерінің), сол немесе басқа елдің заңды тұлғасының, кепілдігімен борыштық бағалы қағаздарды шығару және орналастыру арқылы, ақша тарту болып табылады KASE Биржалық кеңесінің 2009 жылдың 5 қарашасындағы шешімімен (№ 29(з) хаттамасы) бекітілген, Листингілік ережелер (1 баптың 1 тармағының 24-1 тармақшасы)
арнайы қаржы компаниясы жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілелерін жүзеге асыру үшін оның пайдасына талап ету құқығы берілетін, заңнамаға сәйкес құрылатын, заңды тұлға "Жобалық қаржыландыру және секьюритизациялау туралы" заң (1 баптың 1 тармақшасы)
арнайы қаржы компаниясының меншiктi қаражаты мiндеттемелер, меншiктi капитал және жобалық қаржыландыру және секьюризациялау мәмiлелерi аяқталғаннан кейiн алынған (келтірілген) кiрiстер (залалдар). Бөлiнген активтер, арнайы қаржы компаниясының облигациялары (оның ішінде олар бойынша есептелген купон) арнайы қаржы компаниясының меншiктi қаражатына кiрмейтін, активтер "Жобалық қаржыландыру және секьюритизациялау туралы" заң (1 баптың 2 тармақшасы)
арнайы қаржы компаниясының облигациялары эмитенттің міндеттемелерін орындау бөлінген активтермен қамтамасыз етілетін облигациялар "Жобалық қаржыландыру және секьюритизация туралы" заң (1 баптың 3 тармақшасы)
арнайы мамандандырылған сауда-саттық қаржы құралын орналастыратын, сататын, сатып алатын, иемденетін жалғыз сатушысы (сатып алушысы) бар қаржы құралын орналастыру, сату, сатып алу немесе иемдену бойынша биржалық сауда-саттық ҚҚА Басқармасының 2010 жылдың 29 наурызындағы № 41 қаулысымен бекітілген, Сауда-саттық ұйымдастырушысына арналған пруденциалды нормативтерді есептеу ережелері (1-1 тармағының 1 тармақшасы)
астық қолхаты астық иесiнен астықты сақтауға қабылдағанын растап, астық қабылдау кәсiпорны беретiн қоймалық қосарлы куәлiк. Астық қолхаты қажет болған жағдайда бiр-бiрiнен бөлiнуi мүмкiн екi бөлiктен - қойма куәлiгiнен және кепiл куәлiгiнен тұрады. Астық қолхаты және оның бөлiктерiнiң әрқайсысы эмиссиялық емес ордерлiк бағалы қағаз болып табылады. "Астық туралы" заң (1 баптың 10-1 тармақшасы; 39 бабы)
астық қолхатын ұстаушы астық иесi, астық қолхатымен индоссамент жасаған жағдайларда - индоссат "Астық туралы" заң (1 баптың 11 тармағы)
аукцион бастапқы агенттерді өтінімдерінде көрсетілген, дисконттық бағалар бойынша тиісті шығарылымның қысқа мерзімді ноталарын, ең үлкен дисконтталған бағадан бастап кесімді бағаға дейін (көптеген бағаларды қанағаттандыру), жарияланған аукционның шарттары шегінде, орналастыру ҚРҰБ Басқармасының 2005 жылдың 15 қыркүйегіндегі № 108 қаулысымен бекітілген, ҚРҰБ қысқа мерзімді ноталарын шығару, орналастыру және өтеу ережелері (1 баптың 5 тармақшасы)
аутентификация KASE сауда-саттық жүйесімен қашықтан кіру тәртіптемесінде жұмыс жасау үшін Сауда-саттық сервері мен пайдаланушыны тіркеу кезеңінде автоматты түрде бір мағыналы анықтау KASE Биржалық кеңесімен 2002 жылдың 6 қарашасында (№ 15 хаттама) бекітілген, Сауда-саттық жүйесімен қашықтан кіру тәртіптемесінде жұмыс жасағанда бағдарламалық- -криптографиялық ақпаратты қорғау құралдарын қолдану ережелері (1 бабы 1 тармағының 1 тармақшасы)
аффилиирленген тұлғалар тікелей және (немесе) жанама түрде бір-бірінің шешімдерін анықтауға, бір-бірінің шешіміне, соның ішінде жасалған мәміле себебінен, ықпал етуге мүмкіншілігі бар, жеке немесе заңды тұлғалар (берілген өкілеттілігі шегінде бақылау және қадағалау функцияларын атқаратын, мемлекеттік органдарды қоспағанда) "Акционерлік қоғамдары туралы" заң (1 баптың 7 тармақшасы)
ашық (жабық) жайғасым мәні нөлден басқа (нөлге тең), жайғасым. Кез келген сатып алу мәмілесі ұзын жайғасымды, ал сату мәмілесі – қысқа жайғасымды ашады. Кез келген ашық жайғасым орындалғанға дейін (осы жайғасым ашылған, қаржы құралының орындалу күнінде) немесе осы жайғасым ашылған, қаржы құралымен офсеттік мәмілемен жабылғанға дейін қолданыста болады KASE Биржалық кеңесінің 2012 жылдың 14 мамырындағы шешімімен (№ 9 хаттама) бекітілген, Қаржы құралдарымен клирингілік қызметті жүзеге асыру ережелері (2 баптың 1 тармағының 43 тармақшасы)
ашық кілт электрондық нысандағы мəліметтер түрінде берілген жəне электрондық сандық қолтаңбаны тексеруге, сондай-ақ аутентификация мен трафикті шифрлеуге арналған, жалпыға ортақ белгілі бірегей таңбалар тізбегі KASE Биржалық кеңесімен 2002 жылдың 6 қарашасында (№ 15 хаттама) бекітілген, Сауда-саттық жүйесімен қашықтан кіру тәртіптемесінде жұмыс жасағанда бағдарламалық- -криптографиялық ақпаратты қорғау құралдарын қолдану ережелері (1 бабы 1 тармағының 10 тармақшасы)
ашық кілт сертификаты немесе "сертификат" белгілі бір форматта берілген және осы кілтті Сауда-саттық серверіне немесе белгілі бір пайдаланушыға бірмағыналы байланыстыру мақсатында, сондай-ақ осы ашық кілттің қолданыста болу мерзімін анықтау үшін қолданылатын, ашық кілт пен электрондық түрдегі қосымша мәліметтердің жиынтығы KASE Биржалық кеңесімен 2002 жылдың 6 қарашасында (№ 15 хаттама) бекітілген, Сауда-саттық жүйесімен қашықтан кіру тәртіптемесінде жұмыс жасағанда бағдарламалық- -криптографиялық ақпаратты қорғау құралдарын қолдану ережелері (1 бабы 1 тармағының 14 тармақшасы)
Ә
әртараптандыру инвестициялық қор активтері құнының төмендеу қаупін азайту мақсатында оларды түрлі қаржы құралдарына және өзге мүлікке орналастыру "Инвестициялық қорлар туралы" заң (1 баптың 2 тармақшасы)
Б
баға ауытқуының шектелімі өтінім бағасының ауытқу шектелімі қандай да бір өлшемге жеткенде, немесе асқанда, осы Регламентке және Биржаның басқа да ішкі құжаттарына, Биржалық кеңес немесе Биржа Басқармасының шешімдеріне, сауда-саттық жүйесінің баптауларына сәйкес, белгілі бір оқиға немесе белгілі бір жағдай орын алады KASE Басқармасының 2012 жылдың 27 қаңтарындағы шешімімен (№ 17 хаттама) бекітілген, Сауда-саттықтың және Растау жүйесінің жұмыс регламенті (1 баптың 1 тармағының 1 тармақшасы)
баға белгілеу KASE мүшесінің белгілі бір тұрпаттағы бағалы қағаздарды жариялаған бағаға сатып алуға және/немесе сатуға, сондай-ақ, өзі қабылдаған немесе ариялаған шарттар негізінде айтылмыш қаржы құралдарымен мәміле жасасуға әзір бағасы; немесе Биржа мүшесінің өзі белгілеген бағамен жариялаған немесе қабылдаған шарттар бойынша қаржы құралдарымен мәміле жасасуды қалауын жариялау; немесе Биржамен жүзеге асырылатын KASE сауда-саттық жүйесінде айналысқа жіберілген қаржы құралдарымен өткізілген сауда-саттық нәтижелері туралы мәліметтерді жинау, өңдеу және сауда-саттық жүйесінде тіркелген қаржы құралдарымен жасалған мәмілелердің параметрлері (бағасы, көлемі және басқа да мүмкін болатын параметрлері) туралы және/немесе ауда-саттық жүйесінде тіркелген KASE мүшелерінің осы қаржы құралдарымен мәміле жасасуға берілген өтінімдер (ұсыныстар) жүйесінің параметрлері (сатып алудың максималды бағасы, сатудың минималды бағасы, көлемі және басқа да мүмкін болатын параметрлері) туралы жариялауы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссия Директоратының 1999 жылдың 26 қазанындағы № 462 қаулысымен бекітілген, Бағалы қағаздардың биржалық сауда-саттығының ережелері
бағалы қағаз мүлiктiк құқықтарды куәландыратын белгiлi бiр жазбалар мен басқа да белгiлеулердiң жиынтығы "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 4 тармақшасы)
бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы өз қызметін бағалы қағаздар нарығында лицензия негізінде немесе заңнамаға сәйкес жүзеге асыратын, заңды тұлға "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 11 тармақшасы)
бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнiң ұсыныс пен сұраныстың объективтi арақатынасы нәтижесiнде бағалы қағаздарға орныққан бағадан жоғары немесе төмен баға белгiлеуге және (немесе) ұстап тұруға, бағалы қағазбен сауда-саттықтың көрiнiсiн жасауға және (немесе) инсайдерлiк ақпаратты пайдаланып мәмiле жасауға бағытталған iс-әрекеттерi "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 10 тармақшасы)
бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпия "БҚН коммерциялық құпиясын мынадай ақпараттар құрайды:
  • бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері жүйесіндегі және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі жеке шоттардағы акция қалдықтарын қоспағанда, акционерлік қоғамның эмиссиялық бағалы қағаздарының қалдықтары мен қозғалысы туралы ақпараттар;
  • бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесіндегі және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі (жоғарыда көрсетілгендерден басқа) эмиссиялық бағалы қағаздардың болу-болмауы және олардың иелері туралы ақпараттар
"
"Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (41 баптың 1 тармағы)
бағалы қағаздар нарығының субъектiлерi жеке және институционалдық инвесторлар, эмитенттер, бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушылары, сауда-саттықты ұйымдастырушылар және өзiн-өзi реттейтiн ұйымдар бағалы қағаздар нарығының субъектiлерi болып табылады. "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 5 тармақшасы)
бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімі бағалы қағаздар ұстаушыларды, сондай-ақ оларға тиесілі бағалы қағаздардың түрін және санын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін белгілі бір күнге осы ұстаушылар туралы мәліметтердің жиынтығы; ҚҚА Басқармасының 2006 жылдың 25 ақпанындағы № 62 қаулысымен бекітілген, Бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілім жүйесін жүргізу ережелері (1 тармақтың 1 тармақшасы)
бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шоты бағалы қағаздардың меншік иесі және (немесе) орталық депозитарий болып табылатын, тізілімдер жүйесінде тіркелген тұлғаға ашылған, мәмілелерді тіркеу мен эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алу жүзеге асырылатын, жеке шот ҚҚА Басқармасының 2006 жылдың 25 ақпанындағы № 62 қаулысымен бекітілген, Бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілім жүйесін жүргізу ережелері (1 тармақтың 1 тармақшасы)
бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бағалы қағаздарды орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттығының алдыңғы итерациялары барысында орналастыруға ұсынылмаған немесе орналастырылмаған бағалы қағаздарды орналастыру KASE Биржалық кеңесінің 2004 жылдың 29 желтоқсанындағы шешімімен (№ 49 хаттама) Сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида (1 баптың 2 тармағының 1) тармақшасы)
бағалы қағаздарды номиналды ұстау номиналды ұстау шартына не заңнамаға сәйкес бағалы қағаздарды ұстаушылар атынан және есебiнен белгiлi бiр заңды iс-әрекеттердi жасау, сондай-ақ бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алу мен растау және осындай ұстаушылардың бағалы қағаздарымен жасалатын мәмiлелерді тiркеу "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 5 тармақшасы)
бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнің жүйесi белгiлi бiр уақыт кезiнде эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқық ұстаушыларды сәйкестендiрудi, бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелердi тiркеудi қамтамасыз ететін эмитент, эмиссиялық бағалы қағаздар және оларды ұстаушылар туралы мәлiметтердiң жиынтығы, сондай-ақ осы бағалы қағаздар бойынша айналымға немесе құқықтарды жүзеге асыруға арналып тiркелген шектеулердiң сипаты және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiне сәйкес өзге де мәлiметтер "Бағалы қағаздар нарығы "туралы заңы (1 баптың 9 тармақшасы)
бағалы қағаздардың бағасын белгiлеу ұйымдастырылған БҚН белгiлi бiр уақыт кезеңiнде бағалы қағаз бойынша жарияланған, сұраным және (немесе) ұсыным бағасы "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 6 тармақшасы)
бағалы қағаздардың еркін айналысы белгілі бір тұлғаның (өзара аффилиирленген тұлғалар тобы) иелігіндегі бір шығарылымның орналастырылған барлық бағалы қағаздарының ең болмаса біреуін қор биржасында сатып алуға қол жеткізерлік жағдайы KASE Биржалық кеңесінің 2009 жылдың 5 қарашасындағы шешімімен (№ 29(з) хаттамасы) бекітілген, Листингілік ережелер (1 баптың 1 тармағының 24 тармақшасы)
бағалы қағаздардың рұқсат ету бастамашысы бағалы қағаздарды ресми тізімге енгізген немесе енгізуді бастамалаған, ұйым KASE Биржалық кеңесінің 2009 жылдың 5 қарашасындағы шешімімен № 29 (з) хаттамасы) бекітілген, Листингілік ережелер (1 тармағының 6 тармақшасы)
бағалы қағаздармен жасалатын операциялар бойынша комиссиялық алымдар бағалы қағаздарды сату-сатып алу, соның ішінде репо операцияларына жататын мәмілелер бойынша Биржаның комиссиялық алымдары KASE Биржалық кеңесінің 2012 жылдың 29 наурызындағы шешімімен (№ 5 хаттама) бекітілген, Мүшелік жарналар мен биржалық алымдар туралы қағида (1 баптың 1 тармағының 2 тармақшасы)
бағалы қағазды ұстаушы бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнің жүйесiнде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесiнде тiркелген, бағалы қағаздар бойынша құқықтарға ие тұлға, сондай-ақ пайларын ұстаушылар ортақ үлестiк меншiк құқығында инвестициялық пай қоры активтерiнiң құрамына кiретiн бағалы қағаздар бойынша құқықтарды иеленетiн инвестициялық пай қоры "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 12 тармақшасы)
бағдарламалық терминал сауда-саттық жүйесі терминалының бағдарламалық қамтуы KASE Басқармасының 2003 жылдың 28 наурызындағы № 38/1 шешімімен бекітілген, сауда-саттық жүйесімен қашықтан кіру тәртіптемесінде жұмыс жасау ережелері (1 тармақтың 6 тармақшасы)
базалық актив сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарында анықталған стандартталған тауарлар партиясы, БҚ, валюта, қаржы құралдары және өзге де көрсеткiштер "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заңы (1 баптың 13 тармағы)
базалық келісім-шарт бір тарап мүлікті түзуге және екінші тарапқа беруге немесе түзілген мүлікті пайдалану үдерісінде қызметтер көрсетуге және (немесе) тауарлар шығаруға және (немесе) жұмыстарды орындауға міндеттеме алуы туралы жазбаша келісім "Жобалық қаржыландыру және секьюритизациялау туралы" заң (1 баптың 4 тармақшасы)
байқаушы ұйым сауда-саттық жүйесінде өткізілетін сауда-саттық барысы мен нəтижелерін қарауға құқылы ұйым KASE Басқармасының 2003 жылдың 28 наурызындағы № 38/1 шешімімен бекітілген, сауда-саттық жүйесімен қашықтан кіру тәртіптемесінде жұмыс жасау ережелері (1 тармақтың 4 тармақшасы)
банктік депозит сертификаты өз ұстаушысының шығару шарттарында белгіленген айналыс мерзімі аяқталғаннан кейін не ол аяқталғанға дейін номиналды құнын, сондай-ақ шығару шарттарында белгіленген мөлшерде сыйақы алу құқығын растайтын атаулы эмиссиялық емес БҚ Азаматтық кодекс (139-1 бабы)
басқарушы компания уәкілетті орган берген лицензия негiзiнде инвестициялық портфельдi басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушы "Инвестициялық қорлар туралы" заң (1 баптың 3 тармақшасы)
бастапқы агент нақты ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыруға қолданылып жүрген лицензиясы не бағалы қағаздар нарығында дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталармен операциялар жасау тәртібі туралы шарт жасасқан бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы болып табылатын, банк ҚРҰБ Басқармасының 2005 жылдың 15 қыркүйегіндегі № 108 қаулысымен бекітілген, ҚРҰБ қысқа мерзімді ноталарын шығару, орналастыру және өтеу ережелері (1 баптың 1 тармақшасы)
бастапқы дилер Биржаның ішкі құжаттарына сəйкес, сауда-саттыққа жіберілген, қор нарығының мүшесі KASE Биржалық кеңесінің 2004 жылдың 29 желтоқсанындағы шешімімен (№ 49 хаттама) бекітілген, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін орналастыру ережелері (1 баптың 1 тармағының 4 тармақшасы)
бастапқы маржа Клирингілік қатысушының өз жайғасымдарын және оның клиенттерінің жайғасымдарын қамтамасыз етуге арналған, KASE корреспонденттік шотындағы клирингілік қатысушының қаражат сомасы KASE Биржалық кеңесінің 2012 жылдың 14 мамырындағы шешімімен (№ 9 хаттама) бекітілген, Қаржы құралдарымен клирингілік қызметті жүзеге асыру ережелері (2 баптың 1 тармағының 32 тармақшасы)
бастапқы маржаның мөлшерлемесі туынды қаржы құралдарының тәуекел-параметрлерін есептеу әдістемесіне сәйкес, әр қаржы құралының сериясына, сондай-ақ туынды қаржы құралдарының әр тобына есептелетін, қазақстандық теңгемен немесе өзге валютамен бастапқы маржа бойынша міндеттеменің мөлшері KASE Биржалық кеңесінің 2012 жылдың 14 мамырындағы (№ 9 хаттама) шешімімен бекітілген, Қаржы құравлдарымен клирингілік қызметті жүзеге асыру ережелері (2 баптың 1 тармағының 69 тармақшасы)
беймемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылмайтын, акциялар, облигациялар және өзге де эмиссиялық бағалы қағаздар "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 61 тармақшасы)
бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде заңды тұлға (филиал және өкілеттілік) үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір ҚРҰБ Басқармасының 2012 жылдың 24 ақпанындағы № 42 қаулысымен бекітілген, Экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру және резиденттердің экспорт пен импорт бойынша есепке алу келісімшарт нөмірлерін алу ережелері (2 баптың 1 тармағының 1 тармақшасы)
Биржа алаңы (Алаң) Сауда-саттық жүйесінің басқа бөліктерінен, сауда-саттыққа қатысушыларға және сауда-саттықта айналысқа жіберілетін бағалы қағаздарға қойылатынспецификалық талаптармен, сондай-ақ, бағалы қағаздармен мәміле жасасу және оларды орындау шарттарымен ерекшеленетін, сауда-саттық жүйесінің бір бөлігі Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссия Директоратының 1999 жылдың 26 қазанындағы № 462 қаулысымен бекітілген, Бағалы қағаздардың биржалық сауда-саттығының ережелері
Биржа маклері сауда-саттықты ұйымдастырып, өткізу бойынша қызмет атқаратын, KASE құрылымдық бөлімшесінің жетекшісі KASE Басқармасының 2012 жылдың 27 қаңтарындағы шешімімен (№ 17 хаттама) бекітілген, Сауда-саттықтың және Растау жүйесінің жұмыс регламенті (1 баптың 1 тармағының 3 тармақшасы)
биржадан тыс бағалы қағаздар нарығының баға белгiлеуші ұйымы акционерлiк қоғамның ұйымастырушылық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда-саттықты ұйымдастырушы клиенттерiнiң арасында баға белгiлеудi айырбастау жүйесiн пайдалану мен қолдау арқылы сауда-саттықты ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асыратын, заңды тұлға "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 6 тармақшасы)
биржадан тыс бағалы қағаздар нарығының баға белгілеу ұйымының баға белгілеуді айырбастау жүйесі биржадан тыс бағалы қағаздар нарығының баға белгілеу ұйымының материалдық-техникалық құралдарының, ішкі құжаттарының кешені, оларды пайдалана отырып биржадан тыс бағалы қағаздар нарығының осы баға белгілеу ұйымы клиенттерінің арасында баға белгілеуді айырбастауға қолдау көрсетіледі "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 15 тармақшасы)
биржалық мәмiлелер нысаны биржадағы айналысқа жiберiлген мүлiк болып табылатын және тиiстi (тауарлы, қор және басқа) биржалар туралы заңнама мен биржалық сауда-саттық ережелерiне сәйкес, онымен сауда-саттыққа қатысушылармен жасалатын, мәмiлелер Азаматтық кодекс (156 баптың 1 тармақшасы)
Биржаның ішкі құжаттары KASE бағалы қағаздар нарығының субъекті ретіндегі ішкі құжаттары мен Биржаның сауда-саттық ұйымдастырушысы ретіндегі Биржаның құрылтайшылық құжаттары, ережелері (осылар 2003 жылдың 02 шілдесіндегі "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заңында белгіленгендей), Биржа органдарының, лауазымды тұлғаларының, құрылымдық бөлімшелерінің және қызметкерлерінің құзыреттіліктері шегінде қабылдаған шешімдері Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы Директоратының 1999 жылдың 26 қазанындағы № 462 қаулысымен бекітілген, Мүшелік туралы қағида (2 тармағының 1 тармақшасы)
Биржаның корреспонденттік шоты сатып алуға болжанған мемлекеттік акциялар пакеттерін жəне сатып алынған мемлекеттік акциялар пакеттерін төлеу бойынша кепілдік жарнаны аудару үшін қолданылатын, KASE банктік шоты, осы мақсатта оның деректемелерін KASE сауда-саттық қатысушыларына хабарлайды Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссия Директоратының 1999 жылдың 24 маусымындағы № 353 қаулысымен бекітілген, Мемлекеттік акциялар пакеті. Сауда-саттықта сатуға рұқсат ету және сауда-саттық қорытындысы бойынша есеп айырысу тәртібі
Биржаның сауда-саттық жүйесі KASE мүшелері арасында эмиссиялық бағалы қағаздар және басқа да қаржы құралдары бойынша мәмілелер жасасуға арналған, материалды-техникалық құралдар, KASE ішкі құжаттары және басқа да қажетті активтер мен процедуралар кешені Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы Директоратының 1999 жылдың 26 қазанындағы № 462 қаулысымен бекітілген, Мүшелік туралы қағида (2 тармағының 5 тармақшасы)
Биржаның трейдері Биржа мүшесінің атынан Биржаның Сауда-саттық жүйесі арқылы мәмілелер жасасуға және басқа да әрекеттерді жүзеге асыруға өкілденген, жеке тұлға Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы Директоратының 1999 жылдың 26 қазанындағы № 462 қаулысымен бекітілген, Мүшелік туралы қағида (2 тармағының 6 тармақшасы)
білікті басым көпшілік кемінде төрттен үш бөлігі мөлшеріндегі көпшілік "Акционерлік қоғамдар туралы" заң (1 баптың 1 тармақшасы)
білікті инвесторлар білікті инвесторлар болып табылады:
  • қаржы ұйымдары;
  • заңнамаға сәйкес, уәкілетті органның тиісті лицензиясысыз, бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыратын, заңды тұлғалар;
  • ұлттық холдинг, ұлттық басқарушы холдинг;
  • халықаралық қаржы ұйымдары.

Уәкілетті органның құқықтық актімен белгіленген тәртіпте және шарттармен, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметті жүзеге асыратын, ұйымдар білікті инвесторлар деп жоғарыда аталмаған жеке және институционалды инвесторларды мойындауы мүмкін
"Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (5-1 бабының 2 тармағы)
бірінші топтағы артықшылықты акциялар эмитенттерінің есептік саясатына сәйкес меншікті капиталындағы оның қаржылық есеп берушілігінде меншікті капиталдағы үлестік қаржы құралы ретінде немесе меншікті капитал мен міндеттемелерде – құрамдастырылған қаржы құралы ретінде есепке алынатын, артықшылықты акциялар KASE Биржалық кеңесінің 2009 жылдың 5 қарашасындағы шешімімен (№ 29(з) хаттамасы) бекітілген, Листингілік ережелер (6 қосымшасының 1 тармағының 1 тармақшасы)
болжамды кірістілік мәні есептеу мақсатында облигацияның айналыста болу мерзімі бойы қолданылатын, есептеулер жасаған сәтте белгілі болатын параметрлерден шыға отырып есептелінетін, құбылмалы купонды облигацияның кірістілігі KASE Басқармасының 2002 жылдың 28 қарашасындағы № 127/1 шешімімен бекітілген, Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған мәмілелердің сомасын есептеу әдістемесі (2 тармақтың 3 тармақшасы)
бөлiнген активтер жобалық қаржыландыру және секьюритизациялау мәмілелерінде арнайы қаржы компаниясына берілген талап ету құқықтары, өзі берген талап ету құқықтары бойынша алынған, банк-кастодиандағы шоттардағы ақша, арнайы қаржы компаниясы көрсетілген ақшаны инвестициялау нәтижесінде сатып алған қаржы құралдары, қаржы құралдарын сату нәтижесінде алынған ақша, сондай-ақ қосымша қамтамасыз етуді түзу кезінде туындайтын мүлік пен мүліктік құқықтар "Жобалық қаржыландыру және секьюритизация туралы" заң (1 баптың 5 тармақшасы)
брокер клиенттiң тапсырмасы бойынша, оның есебiнен және мүдделерiн көздеп, эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер жасайтын, БҚ нарығының кәсiби қатысушысы "Бағалы қағаздар нарығын туралы" заң (1 баптың 16 тармақшасы)
буферлік санат бағалы қағаздар бұл санатқа Уәкілетті органның нормативтік актілерінде сәйкес анықталған жағдайларда, шектеулі мерзімге ауыстырылатын, KASE ресми тізімінің санаты KASE Биржалық кеңесінің 2009 жылдың 5 қарашасындағы шешімімен (№ 29(з) хаттамасы) бекітілген, Листингілік ережелер (1 баптың 1 тармағының 1 тармақшасы)
бұйрық қаржы құралдарын ұстаушы (сатып алушы) өзiне тиесiлi қаржы құралдарына немесе қаржы құралдарын сатып алуға арналған ақшаға қатысты белгiлi бiр iс-әрекеттi жүзеге асыруды көрсете отырып, бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушыға табыс ететiн, құжат "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 17 тармақшасы)
бэк-тестинг тарихи деректерді пайдалана отырып, және есептелген нәтижелерді белгіленлген операциялардың ағымдағы (нақты) нәтижелерімен салыстыра отырып, тәуекелдерді өлшеу процедураларының тиімділігін тексеру әдістері ҚҚА Басқармасының 2010 жылдың 1 ақпанындағы № 5 қаулысымен бекітілген, Орталық депозитарийде тәуекелдерді басқару жүйесінің бар болуы қойылатын талаптар бойынша нұсқаулық (3 тармақтың 4 тармақшасы)
В
валюталық тәуекел орталық депозитарий өз қызметін жүзеге асырған кезде шетел валюталары бағамдарының өзгеруіне байланысты шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі ҚҚА Басқармасының 2010 жылдың 1 ақпанындағы № 5 қаулысымен бекітілген, Орталық депозитарийде тәуекелдерді басқару жүйесінің бар болуы қойылатын талаптар бойынша нұсқаулық (3 тармақтың 5 тармақшасы)
вексельдерді қайта есепке алу Ұлттық Банктің төлем мерзімі жеткенге дейін есеп кеңсесіне вексель сомасын төлей отырып және оның белгілі бір бөлігін ұстап қала отырып (дисконт) индоссамент бойынша есеп кеңсесінен олар есепке алған вексельдерді қабылдауы ҚРҰБ 2004 жылдың 16 сәуіріндегі № 57 қаулысымен бекітілген, Ұлттық Банкінің вексельдерді қайта есепке алу ережелері
вендор Биржаның ақпараттық өнімін Биржадан немесе өкілетті компаниядан (соның ішінде ақпараттық жүйелерге кіруге рұқсат арқылы) алып және осы ақпараттық өнімді және/немесе Биржаның ақпараттық өнімі негізінде жасалған ақпаратты (осы баптың 3 тармағында белгіленгенді қоспағанда) таратуға ниеттенген (тарататын), тұлға; бұл ретте өкілетті компания Биржаға қатынасты вендор болмауы тиіс KASE Басқармасының 2012 жылдың 20 ақпанындағы шешімімен (№ 31 хаттама) бекітілген, Биржалық ақпаратты коммерциялық ұсыну шарттары туралы қағида (1 баптың 2 тармағының 1 тармақшасы)
Г
гэп-жайғасым Қордың (Ұйымның) зейнетақы (меншікті) өтімді активтерінің және орындалу мерзімдеріне қарай зейнетақы (меншікті) өтімді активтері бойынша міндеттемелерінің арасындағы айырмасы ҚРҰБ Басқармасының 2012 жылдың 24 ақпанындағы № 76 қаулысымен бекітілген, Зейнетақылық активтердің инвестициялық басқаруын жүзеге асыратын, зейнетақы қорлары мен ұйымдардың тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру ережелері (2 тармақтың 7 тармақшасы)
Д
дауыс беретін акциялар орналастырылған жай акциялар, сондай-ақ, заңнамада қарастырылған, жағдайларда дауыс беру құқығы берілген артықшылықты акциялар. Дауыс беретін акциялар санына қоғам сатып алған акциялар, сондай-ақ номиналды ұстаудағы және орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ол туралы мәліметтер жоқ меншік иесіне тиесілі акциялар кірмейді "Акционерлік қоғамдар туралы" заң (1баптың 8 тармақшасы)
дебитор қазір немесе болашақта ақшалай міндеттемесі болатын, тұлға "Жобалық қаржыландыру және секьюритизация туралы" заң (1 баптың 6 тармақшасы)
делистинг қандай да бір беймемлекеттік БҚ және/немесе олардың эмитентінің листингілік талаптарға сай болмауына байланысты, осы бағалы қағаздарды KASE ресми тізімінен шығарылуы KASE Биржалық кеңесінің 2009 жылдың 5 қарашасындағы шешімімен (№ 29(з) хаттама) бекітілген, Листингілік ережелер (1 баптың 1 тармағының 2 тармақшасы)
делистинг бағалы қағаздарды сауда-саттық ұйымдастырушының тiзiмiнен уақытша немесе тұрақты шығарып тастау "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 20 тармақшасы)
депо шоты" бағалы қағаздарды есепке алуға арналған, депозитарийдегі сауда-саттық Қатысушысының шоты, бұл бағалы қағаздар осы сауда-саттық Қатысушының атаулы ұстауында жəне/немесе оған тиесілі болады Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссия Директоратының 1999 жылдың 24 маусымындағы № 353 қаулысымен бекітілген, Мемлекеттік акциялар пакеті. Сауда-саттықта сатуға рұқсат ету және сауда-саттық қорытындысы бойынша есеп айырысу
депозитарийдің корреспонденттік шоты сатып алынған мемлекеттік акциялар пакеттерін төлеу сомаларын аудару үшін қолданылатын депозитарийдің банктік шоты, осы мақсатта оның деректемелерін депозитарий Биржаға жəне Биржа сауда-саттық қатысушыларына хабарлайды Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссия Директоратының 1999 жылдың 24 маусымындағы № 353 қаулысымен бекітілген, Мемлекеттік акциялар пакеті. Сауда-саттықта сатуға рұқсат ету және сауда-саттық қорытындысы бойынша есеп айырысу тәртібі
депозитарийлiк қызмет басқа номиналды ұстаушылар үшiн бағалы қағаздарды номиналды ұстау қызметтерiн көрсету және ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында қаржы құралдарымен жасалған мәмiлелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру жөнiндегi қызмет "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 22 тармақшасы)
депозитке салу орталық депозитарийдiң өз клиенттерiнiң жеке шоттарындағы қаржы құралдарын есепке алуы "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 23 тармақшасы)
депонент орталық депозитарийдiң клиентi болып табылатын ұйым "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 24 тармақшасы)
дефолт эмиссиялық бағалы қағаздар және өзге де қаржы құралдары бойынша мiндеттемелердiң орындалмауы "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 25 тармақшасы)
дивиденд акционерлік қоғам төлейтін, акциялар бойынша акционерге тиесілі кіріс "Акционерлік қоғамдар туралы" заң (1 баптың 9 тармақшасы)
дилер ұйымдастырылмаған БҚН және ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында тiкелей кiру құқығымен өз мүдделерiн көздеп және өз есебiнен эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер жасайтын бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушысы "Бағалы қағаздар нарығытуралы" заң (1 баптың 26 тармақшасы)
дисконтталған баға номиналды құнынан төмен, баға ҚРҰБ Басқармасының 2005 жылдың 15 қыркүйегіндегі № 108 қаулысымен бекітілген, ҚРҰБ қысқа мерзімді ноталарын шығару, орналастыру, айналысқа жіберу және өтеу ережелері (1 баптың 3 тармақшасы)
дисконттық облигация номиналды құнынан төмен бағамен орналастырылатын облигация жəне осы облигацияның иесіне аталмыш облигациясының айналыста болу мерзімі аяқталғаннан кейін оның номиналды құнын алуға құқығын растайды; осындай облигацияның сыйақысы дисконт болып табылады – облигацияның номиналды құны мен орналастыру бағасы арасындағы оң айырмасы KASE Басқармасының 2002 жылдың 28 қарашасындағы № 127/1 шешімімен бекітілген, Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған мәмілелердің сомасын есептеу әдістемесі (2 тармақтың 6 тармақшасы)
Е
екі жақты баға белгілеу KASE мүшесінің қаржы құралдарын жариялаған бағаға сатып алуға және/немесе сатуға, сондай-ақ, өзі қабылдаған немесе жариялаған шарттар егізінде айтылмыш қаржы құралдарымен мәміле жасасуға әзір бағасы; немесе баға белгілеу тәсілі (қалауын жариялау) ретінде, KASE мүшесі қаржы құралының сату және сатып алу бағасын өзі белгілеп, осы баға бойынша аталған қаржы құралдарымен қабылданған немесе жарияланған шарттармен мәміле жасасуға әзір бағасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссия Директоратының 1999 жылдың 26 қазанындағы № 462 қаулысымен бекітілген, Бағалы қағаздардың биржалық сауда-саттығының ережелері
екінші топтағы артықшылықты акциялар эмитенттерінің есептік саясатына сәйкес міндеттемелеріндегі оның қаржылық есеп берушілігінде есептелетін, артықшылықты акциялар; KASE Биржалық кеңесінің 2009 жылдың 5 қарашасындағы шешімімен (№ 29(з) хаттамасы) бекітілген, Листингілік ережелер (1 баптың 1 тармағының 6 тармақшасы)
ең үздік міндетті баға белгілеу ағымдағы кезеңде маркет-мейкердің қандай да бір атаудағы қаржы құралын сатып алуға (сатуға) барлық белсенді міндетті баға белгілеулерінде көрсетілген бағасы әлеуетті қарсы агент үшін ең ұтымды болып табылатын, осы маркет-мейкердің жариялаған, міндетті баға белгілеуі KASE Биржалық кеңесінің 2012 жылдың 26 қарашасындағы шешімімен (№ 27 хаттама) бекітілген, Маркет-мейкерлер туралы қағида (1 баптың 1 тармағының 2 тармақшасы)
ерiктi зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының заңнамасында және ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта айқындалатын тәртiппен зейнетақы төлемдерiн алушының пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына салымшылардың өзінің бастамасы бойынша салатын ақшасы "Зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заң (1 баптың 6 тармақшасы)
ерiктi зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта айқындалатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына төленетiн төлемнiң мөлшерi "Зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заң (1 баптың 8 тармақшасы)
ерiктi зейнетақы жарналарының салымшысы ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес зейнетақы төлемдерiн алушының пайдасына ерiктi зейнетақы жарналарын өзiнiң меншiктi қаражаты есебiнен жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға "Зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заң (1 баптың 9 тармақшасы)
ерікті делистинг қандай да бір беймемлекеттік бағалы қағаздардың рұқсат ету бастамашысының бастамасымен Биржаның ресми тізімінен шығарылуы KASE Биржалық кеңесінің 2009 жылдың 5 қарашасындағы шешімімен (№ 29(з) хаттама) бекітілген, Листингілік ережелер (1 баптың 1 тармағының 2 тармақшасы)
ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт бiр тараптан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры және екiншi тараптан салымшы (зейнетақы төлемдерiн алушы) жасасатын, ерікті зейнетақы жарналарына, жинақтарына және зейнетақы төлемдерін алуға байланысты құқықтық қатынастарды орнату, өзгерту немесе тоқтату туралы шарт "Зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заң (1 баптың 7 тармақшасы)
есеп айырысу ұйымы орталық депозитарийдің тапсырмасы бойынша ұлттық валютадағы (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі) және шетел валютасындағы (Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында және шетелде кастодиандық қызметті жүзеге асыратын банктер, халықаралық депозитарийлер, шетел депозитарийлері және кастодиандар) ақшаны аударуды және есепке алуды жүзеге асыратын, ұйым ҚҚА Басқармасының 2008 жылдың 29 желтоқсанындағы № 238 қаулысымен бекітілген, Орталық депозитарийдің қызметін жүзеге асыру ережелері (1 тармақтың 2 тармақшасы)
есепке алу ұйымы уәкілетті органның лицензиясы негізінде бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі - тіркеуші), банк-кастодиан, қаржы құралдарын есепке алу үшін орталық депозитарийдің атына жеке шоттар ашылған халықаралық және шетелдік депозитарийлер ҚҚА Басқармасының 2008 жылдың 29 желтоқсанындағы № 238 қаулысымен бекітілген, Орталық депозитарийдің қызметін жүзеге асыру ережелері (1 тармақтың 3 тармақшасы)
Ж
жабық кілт электрондық нысандағы мəліметтер түрінде берілген жəне электрондық сандық қолтаңбаны құрастыруға, сондай-ақ аутентификация мен трафикті шифрлеуге арналған, тек авторға ғана (тиісті тізбекке сəйкес, ашық кілт сертификатының иесіне) белгілі, бірегей таңбалар тізбегі KASE Биржалық кеңесімен 2002 жылдың 6 қарашасында (№ 15 хаттама) бекітілген, Сауда-саттық жүйесімен қашықтан кіру тәртіптемесінде жұмыс жасағанда бағдарламалық- -криптографиялық ақпаратты қорғау құралдарын қолдану ережелері (1 бабы 1 тармағының 4 тармақшасы)
"Жазылым" сауда-саттық жүйесі соның көмегімен акцияларға жазылым жүргізілетін, Биржаның сауда-саттық жүйесінің арнайы нұсқасы KASE Биржалық кеңесінің 2012 жылдың 29 наурызындағы шешімімен (№ 05 хаттама) бекітілген, акцияларда жазылым жүргізу ережелері (1 баптың 1 тармағының 3 тармақшасы)
жазылым алдағы қазынашылық міндеттемелерді орналастыру жəне оларды инвесторларға сату туралы хабарландыруды (бұқаралық ақпарат құралдарында əне/немесе басқа да колжеткізерлік амалдармен) жариялауды тұспалдайтын тəсіл; инвесторлар осы хабарландыруларға жауап қатып, хабарландыру (орналастыру) шарттарына сəйкес орналастырылған қазынашылық міндеттемелерді сатып алуға өтінім береді KASE Биржалық кеңесінің 2004 жылдың 29 желтоқсанындағы шешімімен (№ 49 хаттама) бекітілген, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін орналастыру ережелері (1 баптың 1 тармағының 5 тармақшасы)
жарияланған акциялар шығарылымын Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті орган тіркеген, акциялар "Акционерлік қоғамдар туралы заң" (1 баптың 27 тармақшасы)
жарияланған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шоты эмитентке тізілімдер жүйесінде ашылған, орналастырылмаған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу жүзеге асырылатын, жеке шот ҚҚА Басқармасының 2006 жылдың 25 ақпанындағы № 62 қаулысымен бекітілген, Бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілім жүйесін жүргізу ережелері (1 тармақтың 3 тармақшасы)
жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын уәкiлеттi орган тiркеген, бағалы қағаздар "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 27 тармақшасы)
жауапкер өтінішкердің алдында өз міндеттемелерін орындамаған/тиісті орындамаған, мәмілеге қатысушы KASE Биржалық кеңесінің 2012 жылдың 28 мамырындағы шешімімен (№ 10 хаттама) бекітілген, Қаржы құралдарымен мәмілер жасасу барысында туындайтын даулар пен шиеленісулерді шешу тәртібі (2 тармақтың 3 тармақшасы)
жеке инвестор институционалдық инвестор болып табылмайтын, инвестор "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 19 тармақшасы)
жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде жеке тұлға үшін қалыптастырылатын, бірегей нөмір ҚРҰБ Басқармасының 2012 жылдың 24 ақпанындағы № 42 қаулысымен бекітілген, Экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру және резиденттердің экспорт пен импорт бойынша есепке алу келісімшарт нөмірлерін алу ережелері (2 баптың 1 тармағының 3 тармақшасы)
жеке шот бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдері жүйесiнде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесiнде қамтылатын, эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдары бойынша мәмiлелердi тiркеу және құқықтарды есепке алу мақсатында тiркелген тұлғаны бiржақты сәйкестендiруге мүмкiндiк беретiн, жазбалар жиынтығы "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 28 тармақшасы)
жеке шоттан үзінді көшірме орталық депозитарийімен, тіркеушімен немесе номиналды ұстаушымен берілетін, тіркелген тұлғаның қанжай да бір уақытта қаржы құралы бойынша меншік құқығын растайтын, БҚ болып табылмайтын, құжат "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 29 тармақшасы)
жобалық қаржыландыру мүлікті түзу және беру, сондай-ақ түзілген мүлікті пайдалану процесінде қызметтер көрсету және (немесе) тауарлар шығару және (немесе) жұмыстарды орындау үшін күтілетін жүйелі қаржылық төлемдер қамтамасыз етуі болып табылатын, талап ету құқығын беру арқылы ұзақ мерзімді жобаны қаржыландыруды ұйымдастыру тәсілі "Жобалық қаржыландыру және секьюритизациялау туралы" заң (1 баптың 7 тармақшасы)
жобалық қаржыландыру мәмілесі тапсырыс берушінің, орындаушының, арнайы қаржы компаниясының, кредиторлардың және өзге де тұлғалардың базалық келісім-шартты орындау шегінде өздерінің құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, сондай-ақ бөлінген активтермен қамтамасыз етілген міндеттемелерді қабылдауға және орындауға бағытталған, әрекеті "Жобалық қаржыландыру және секьюритизациялау туралы" заң (1 баптың 8 тармақшасы)
жылжымайтын мүлік қоры қызметінің айрықша түрі заңнамада белгіленген талаптарға және өзінің инвестициялық декларациясына сәйкес, осы қоғамның акционерлері оның акцияларын төлеу үшін қосқан ақшаны, сондай-ақ осындай инвестициялау нәтижесінде алынған активтерді жылжымайтын мүлікке және заңнамада рұқсат етілген өзге де мүлікке жинақтау мен инвестициялау болып табылатын акционерлік инвестициялық қор "Инвестициялық қорлар туралы" заң (1 баптың 4 тармақшасы)
З
зейнетақы активтерi зейнетақы төлемдерiн, аударымдарын қамтамасыз етуге және жүзеге асыруға, сондай-ақ заңда көзделген өзге де мақсаттарға арналған ақша, бағалы қағаздар, өзге де қаржы құралдары "Зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заң (1 баптың 13 тармақшасы)
зейнетақы жинақтары шарттарға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және ерiктi зейнетақы жарналарын, инвестициялық табысты, өсiмпұлды және өзге де түсiмдердi қамтитын, салымшының (зейнетақы төлемдерiн алушының) жеке зейнетақы шотында есепке алынатын ақшасы "Зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заң (1 баптың 15 тармақшасы)
зейнетақылық аннуитетi туралы келісім-шарт сақтандыру шарты, оған сәйкес сақтанушы (зейнетақы төлемдерін алушы) сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтарының сомасын беруге мiндеттенедi, ал сақтандыру ұйымы сақтанушының (зейнетақы төлемдерін алушының) пайдасына өмiр бойына немесе белгiлi бiр уақыт кезеңi iшiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға мiндеттенедi "Зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заң (1 баптың 14 тармақшасы)
И
инвестициялау объектiсi бағалы қағаздары (қатысушылардың дауыстары) сатып алынатын (сатып алынған) заңды тұлға, инвестициялық пай қоры, сондай-ақ мүлкіне мүліктің жарна салынатын (салынған) ұйымдар. Депозитарлық қолхаттармен операциялар жүргiзген жағдайда олардың базалық активi болып табылатын бағалы қағаз эмитентi инвестициялау объектiсi болып табылады; ҚРҰБ Басқармасының 2012 жылдың 28 сәуіріндегі № 154 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережелері (2 тармақтың 2 тармақшасы)
инвестициялық декларация инвестициялау нысандарының тізілімін, инвестициялық қор активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің мақсатын, стратегиясын, шарттарын және шектеулерін, қор активтерін сақтандыру және әртараптандыру шарттарын анықтайтын, құжат "Инвестициялық қорлар туралы" заң (1 баптың 5 тармақшасы)
инвестициялық жоба инвестициялаудан белгiлi бiр нәтижелерге қол жеткiзуге бағытталған және инвестицияларды көздейтiн, сондай-ақ белгiлi бiр уақыт мерзiмi iшiнде iске асырылатын және аяқталған сипаты бар iс-шаралар кешенi "Бағалы қағаздар нарығы туралы "заң (1 баптың 31 тармақшасы)
инвестициялық кіріс инвестициялық қор активтерін инвестициялау нәтижесінде алынған, ақшалай көрінісіндегі өсімі "Инвестициялық қорлар туралы" заң (1 баптың 6 тармақшасы)
инвестициялық комитет БҚН кәсіби қатысушысының меншікті активтеріне және (немесе) инвестициялық портфельді немесе зейнетақы активтерін басқарушыға инвестициялық басқаруға берілген активтерге қатысты инвестициялық шешімдерді қабылдауды жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушысының (тіркеуші мен трансфер-агентті қоспағанда) алқалы органы "Инвестициялық қорлар туралы" заң (1 баптың 32 тармақшасы)
инвестициялық қор заңнама талаптарына сәйкес құрылған акционерлік инвестициялық немесе инвестициялық пай қоры "Инвестициялық қорлару туралы "заң (1 баптың 7 тармақшасы)
инвестициялық қордың активтері акционерлік инвестициялық қордың иелігіндегі немесе инвестициялық пайлық қорды құрайтын, активтердің жиынтығы "Инвестициялық қорлар туралы" заң (1 баптың 8 тармақшасы)
инвестициялық қордың таза активтерінің құны инвестициялық қордың барлық активтерінің құны мен оның инвестициялық қор активтері есебінен төленуге жататын міндеттемелері не есептелген шығыстары арасындағы айырма ретінде анықталатын инвестициялық қор активтері құнының ақшалай көрінісі "Инвестициялық қорлар туралы" заң (1 баптың 9 тармақшасы)
инвестициялық меморандум эмитент немесе бағалы қағаздардың рұқсат ету бастамашысына (егер ол эмитент болмаса) міндеттеме жүктемейтін бағалы қағаздар және олардың эмитенті туралы ақпараттық-түсініктеме мазмұндағы құжат KASE Биржалық кеңесінің 2009 жылдың 5 қарашасындағы шешімімен № 29 (з) хаттамасы) бекітілген, Листингілік ережелер (1 баптың 1 тармағының 5 тармақшасы)
инвестициялық пай қоры пайға, сондай-ақ оларды инвестициялау нәтижесінде сатып алынған өзге де активтерге ақы төлеуден алынған, пайларды ұстаушыларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі және басқарушы компанияның басқаруындағы ақша жиынтығы "Инвестициялық қорлар туралы" заң (1 баптың 10 тармақшасы)
инвестициялық пай қорының ережелері инвестициялық пай қорының мақсаттарын, жұмыс істеу және жұмыс істеуін тоқтату шарттары мен тәртібін анықтайтын, құжат "Инвестициялық қорлар туралы" заң (1 баптың 11 тармақшасы)
инвестициялық портфель зейнетақы активтерiнiң құрамына кiретiн қаржы құралдарының жиынтығы "Зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заң (1 баптың 19 тармақшасы)
инвестициялық портфель бағалы қағаздар нарығы субъектiсiнiң меншiгiндегi немесе басқаруындағы әртүрлi қаржы құралдарының не Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес инвестициялық қор мүлкiнiң жиынтығы "Бағалы қағаздар нарығы туралы "заң (1 баптың 33тармақшасы)
инвестициялық портфельді басқарушы инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның негізінде, бөлінген активтер бойынша арнайы қаржы компаниясына уақытша бос түсімдерді инвестициялау жөнінде арнайы қаржы компаниясына қызмет көрсететін бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы "Жобалық қаржыландыру және секьюритизациялау туралы" заң (1 баптың 9 тармақшасы)
инвестициялық шешім инвестициялық қордың активтерін басқару процесінде қабылданатын, оның активтерімен мәміле жасасу туралы шешім "Инвестициялық қорлар туралы" заң (1 баптың 12 тармақшасы)
индекстелінген номиналды құны қандай да бір көрсеткішке индекстелінген, облигацияның номиналды құны KASE Басқармасының 2002 жылдың 28 қарашасындағы № 127/1 шешімімен бекітілген, Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған мәмілелердің сомасын есептеу әдістемесі (2 тармақтың 4 тармақшасы)
индекстелінген облигация облигацияның шығарылым шарттары бойынша номиналды құны жəне/немесе оның сыйақысы қандай да бір көрсеткіштің (қандай да бір көрсеткіштің индексациясының) өзгеруіне қарай өзгеруге жататын, облигация KASE Басқармасының 2002 жылдың 28 қарашасындағы № 127/1 шешімімен бекітілген, Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған мәмілелердің сомасын есептеу әдістемесі (2 тармақтың 7 тармақшасы)
индекстік қор активтері, инвестициялық қор үшін базалық болып табылатын білгелі бір қор индексінің өкілетті тізіміне кіретін индекстерге ұқсас қаржы құралдары болып табылатын, инвестициялық қор ҚҚА Басқармасының 2008 жылдың 26 мамырындағы № 77 қаулысымен бекітілген, Қор биржасында айналысқа жіберілетін, эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жеке санаттарына қойылатын талаптар туралы (1 тармақтың 5 тармақшасы)
индекстің өкілетті тізімі параметрлері қор биржасының қандай да бір индикаторын есептеу мақсатында қолданылатын, БҚ тізімі ҚҚА Басқармасының 2008 жылдың 26 мамырындағы № 77 қаулысымен бекітілген, Қор биржасында айналысқа жіберілетін, эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жеке санаттарына қойылатын талаптар туралы (1 тармақтың 6 тармақшасы)
индикативтік баға белгілеу оны берген сауда-саттыққа қатысушысын осы өтінімнің шарттары бойынша мәміле жасасуды міндеттемейтін, өтінім KASE Биржалық кеңесінің 2004 жылдың 29 желтоқсанындағы шешімімен (№ 49 хаттама) Сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида (1 баптың 2 тармағының 5) тармақшасы)
инсайдер инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізе алатын, тұлға "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 35 тармақшасы)
инсайдерлік ақпарат бағалы қағаздар, (туынды қаржы құралдары), олармен жасалатын мәмiлелер туралы, сондай-ақ бағалы қағаздарды (туынды қаржы құралдарын) шығарған (берген) эмитент, ол жүзеге асыратын қызмет туралы коммерциялық құпияны құрайтын дәйекті ақпарат, сондай-ақ үшінші тұлғаларға беймәлім, жария етілуі бағалы қағаздар (туынды қаржы құралдары) құнының өзгеруіне және олардың эмитентінің қызметіне ықпал етуі мүмкін өзге де ақпарат "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 36 тармақшасы)
институционалдық инвестор Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инвестицияларды жүзеге асыру мақсатымен қаражат тартатын, заңды тұлға "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 37 тармақшасы)
интернет–клиент Интернет желісі немесе басқа да байланыс арналары арқылы, сауда-саттық жүйесі арқылы KASE мүшесіне берілген нұсқаулар (клиенттік тапсырыстар, бұйрықтар) негізінде, сауда-саттық жүйесінде соның есебінен жəне мүддесіне мəміле жасау үшін KASE мүшесімен келісім-шарт жасасқан, тұлға KASE Биржалық кеңесінің 2012 жылдың 15 маусымындағы шешімімен (№ 12 хаттама) бекітілген, Сауда-саттық жүйесін пайдаланушыларын сертификаттау ережелері (1 тармақтың 1 тармақшасы)
интернет–провайдер Интернет желісіне кіру бойынша телекоммуникациялық қызметтер көрсететін, ұйым KASE Басқармасының 2003 жылдың 28 наурызындағы № 38/1 шешімімен бекітілген, сауда-саттық жүйесімен қашықтан кіру тәртіптемесінде жұмыс жасау ережелері (1 тармақтың 3 тармақшасы)
инфрақұрылымдық облигация эмитент мiндеттемелерiнiң орындалуы, мемлекетке берiлетiн объект құнына сәйкес сомадағы мемлекет пен эмитенттің арасында жасалған инфрақұрылымдық жобаны iске асыру жөнiндегi концессиялық келiсiм шегiнде мемлекеттiң кепiлгерлiгiмен қамтамасыз етiлген, облигация "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 38 тармақшасы)
ипотекалық облигация ипотекалық қарыз келісім-шарттары бойынша талап ету құқығы кепілімен (ипотекалық куәлiктер кепiлiн қоса алғанда), сондай-ақ тiзбесi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленетiн өзге де өтiмдiлiгi жоғары активтер кепiлiмен қамтамасыз етiлген, облигация "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 39 тармақшасы)
исламдық арнайы қаржы компаниясы исламдық бағалы қағаздарды шығаратын, заңнамаға сәйкес АО немесе ЖШС түріндегі ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында құрылатын, заңды тұлға, сондай-ақ бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органы (бұдан әрі - мемлекеттік мекеме) "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 40 тармақшасы)
исламдық арнайы қаржы компаниясы бөлген активтер исламдық арнайы қаржы компаниясы сатып алатын мүлiк және талап ету құқықтары, олар бойынша түсiмдер "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 41 тармағы)
исламдық бағалы қағаздар шығару шарттары исламдық қаржыландыру принциптерiне сәйкес келетiн, материалдық активтердегi бөлiнбейтiн үлестi иелену құқығын және (немесе) оларды пайдаланудан түскен активтерге және (немесе) табыстарға, қаржыландырылуы үшiн осы бағалы қағаздар шығарылған нақты жобалардың қызметтеріне немесе активтеріне билiк ету құқығын куәландыратын, эмиссиялық БҚ "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (42 бабының 1 тармағы)
исламдық бағалы қағаздарды өтеу ұстаушыға тиесiлi ислам бағалы қағаздары санының осы шығарылымдағы ислам бағалы қағаздарының жалпы саны қатынасына барабар үлеске сәйкес келетiн ақша сомасын бөлiнген активтер есебiнен ислам бағалы қағаздарын шығару проспектiсiнде белгiленген мерзiмдерде төлеу "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 43 тармақшасы)
исламдық бағалы қағаздарын ұстаушылардың өкiлi эмитентпен жасалған келісім-шарттың негiзiнде исламдық бағалы қағаздарын ұстаушылардың мүддесiнде әрекет ететiн ұйым "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 44 тармақшасы)
исламдық бағалы қағаздарының номиналды құны исламдық бағалы қағаздарын шығару проспектiсiнде белгiленген шарттар бойынша оларды бастапқы орналастыру аясында сатып алу кезiнде инвестор төлейтiн ислам бағалы қағаздары құнының ақшалай түрі "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 45 тармақшасы)
исламдық жалгерлік сертификаттары заңнамада өзгесі қарастырылмаса, исламдық арнайы қаржы компаниясымен шығарылатын, шығарылған кезде айналыта болу мерзімі алдын ала белгіленген, ұстаушылары жалгерлік (қаржы лизингi) келісім-шарты бойынша кірістер алу құқығына ие болатын, исламдық БҚ "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (32-3 бабының 1 тармағы)
исламдық инвестициялық қор акционерлік инвестициялық қор немесе, исламдық қаржыландыру принциптерін сақтай отырып, қор активтерін инвестициялауды жүзеге асыратын, жабық пайлық инвестициялық қор "Инвестициялық қорлар туралы" заң (4-1 бабының 1 тармағы)
исламдық қатысу сертификаттары исламдық арнайы қаржы компаниясы бағалы қағаздарды шығару кезінде олардың айналым мерзімін алдын ала белгілей отырып, жаңа инвестициялық жобаны ұйымдастыру, қолда бар инвестициялық жобаны дамыту немесе қарапайым серіктестік келісім-шарты негізінде кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру үшін тартылған қаражатты пайдалану мақсатымен немесе акционерлік қоғамның немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын түрінде заңды тұлғаны құру арқылы шығарылатын, исламдық БҚ "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (32-4 бабының 1 тармағы)
итерация дискреттік сауда-саттықтың дербес кезеңі KASE Биржалық кеңесінің 2004 жылдың 29 желтоқсанындағы шешімімен (№ 49 хаттама) Сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида (1 баптың 2 тармағының 4) тармақшасы)
К
кастодиан қаржы құралдары мен клиенттердің ақшасын есепке алуды және олар бойынша құқықтарды растауды, клиенттердiң құжаттық қаржы құралдарының сақталуы жөнiнде өзiне мiндеттемелер қабылдай отырып, оларды сақтауды және заңнамаға сәйкес өзге де қызметтердi жүзеге асыратын, БҚН кәсiби қатысушысы "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 46 тармақшасы)
кастодиан банк Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры үшін - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе қаржы құралдары мен ақшаны есепке алуды, солар бойынша құқықтарды растауды, олардың сақталуы жөніндегі міндеттемелерді өзіне қабылдай отырып, құжаттық қаржы құралдарын сақтауды жүзеге асыратын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін екінші деңгейдегі банк "Зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заң (1 баптың 22 тармақшасы)
кастодиандық келісім-шарт кастодиан-банк пен оның клиентi жасасатын, кастодиандық қызмет көрсету бойынша клиентке көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәртібін айқындайтын сақтау және тапсырма беру шарты "Зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заң (1 баптың 23 тармақшасы)
кепіл қоры сауда-саттыққа қатысушының (қатысушылардың) міндеттемелерін оның (олардың) төлем қабілетсіздігі жағдайында жабу үшін арналған, сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сәйкес сауда-саттықты ұйымдастырушының мүшелерінің кепіл жарналарынан қалыптастырылатын, қор ҚҚА Басқармасының 2010 жылдың 29 наурызындағы № 41 қаулысымен бекітілген, Сауда-саттық ұйымдастырушысына арналған пруденциалды нормативтерді есептеу ережелері (1-1 тармағының 2 тармақшасы)
кепілді жарна сауда-саттықты ұйымдастырушының мүшесі төлейтін және сауда-саттықты ұйымдастырушы жүргізетін сауда-саттыққа қатысуға оған рұқсат ету үшін және олар қызмет көрсететін сауда мүшелеріне рұқсат ету үшін міндетті талап болып табылатын жарна; ҚҚА Басқармасының 2010 жылдың 29 наурызындағы № 41 қаулысымен бекітілген, Сауда-саттық ұйымдастырушысына арналған пруденциалды нормативтерді есептеу ережелері (1-1 тармағының 3 тармақшасы)
кесімді баға франкфурттық сауда-саттық өткізгенде – әрбір жеке итерация барысында анықталатын және осы қаржы құралымен мейлінше максималды сомалық көлемде мәміле жасасуы мүмкін қаржы құралының бағасы; арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізгенде – осы қаржы құралының жалғыз сатушысы (сатып алушысы) аталған қаржы құралымен мәміле жасасу үшін қарсылама өтінімдердің арасынан таңдайтын (кесетін), осы қаржы құралының жалғыз сатушысы (сатып алушысы) үшін ең ұтымды болып табылатын, қаржы құралының бағасы; KASE Биржалық кеңесінің 2004 жылдың 29 желтоқсанындағы шешімімен (№ 49 хаттама) Сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида (1 баптың 2 тармағының 13) тармақшасы)
кесімді баға өтінімдерді қанағаттандыру аяқталатын, дисконтталған минималды баға ҚРҰБ Басқармасының 2005 жылдың 15 қыркүйегіндегі № 108 қаулысымен бекітілген, ҚРҰБ қысқа мерзімді ноталарын шығару, орналастыру және өтеу ережелері (1 баптың 4 тармақшасы
кілттер туралы ақпараты бар токен–дискетасы немесе "токен–дискета" дискета, немесе мəліметтердің электрондық түріндегі чиптік тасымалдағышы ("токен" деп аталатын), немесе пайдаланушының ашық кілттері туралы жəне осы пайдаланушының жəне KASE ашық кілттерінің серификаттары туралы мəліметтері сақталатын, кез келген өзге де сыртқы тасымалдағыш KASE Биржалық кеңесінің 2002 жылдың 6 қарашасындағы шешімімен (№ 15 хаттама) бекітілген, Сауда-саттық жүйесімен қашықтан кіру тәртіптемесінде жұмыс жасағанда ақпараттарды қорғаудың бағдарламалық-криптографиялық құралдарын қолдану ережелері (1 баптың 1 тармағының 3 тармақшасы)
клиент БҚН кәсiби қатысушысы көрсететiн қызметтердi пайдаланатын немесе пайдалануды көздеген, тұлға "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 47 тармақшасы)
клиенттердің маржалық жарналары клирингілік қатысушының клиентінің (клиенттерінің) жайғасымдарын ашуға арналған және (немесе) осы клирингілік қатысушының нетто-міндеттемелерін орындауға арналған, клирингілік қатысушының клиентінің (клиенттерінің) Биржаның корреспонденттік шотындағы қаражат сомасы KASE Биржалық кеңесінің 2012 жылдың 14 мамырындағы шешімімен (№ 9 хаттама) бекітілген, Қаржы құралдарымен клирингілік қызметті жүзеге асыру ережелері (2 баптың 1 тармағының 13 тармақшасы)
клиенттердің маржалық шоты клиенттердің маржалық жарналарын есепке алу үшін арналған, клирингілік шот KASE Биржалық кеңесінің 2012 жылдың 14 мамырындағы шешімімен (№ 9 хаттама) бекітілген, Қаржы құралдарымен клирингілік қызметті жүзеге асыру ережелері (2 баптың 1 тармағының 12 тармақшасы)
клирингілік алым KASE клирингілік қатысушысы, ішкі құжаттарға сәйкес, қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша клирингілік қызметті жүзеге асыру қызметтеріне төлейтін, қаражат сомасы KASE Биржалық кеңесінің 2012 жылдың 14 мамырындағы шешімімен (№ 9 хаттама) бекітілген, Қаржы құралдарымен клирингілік қызметті жүзеге асыру ережелері (2 баптың 1 тармағының 22 тармақшасы)
клирингілік жүйе қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша KASE есептеулер мен клирингілік қызметін жүзеге асыруда қолданатын, KASEматериалды-техникалық құралдар кешені, соның ішінде автоматтандырылған клирингілік жүйесі, ішкі құжаттар және басқа да қажетті активтер мен процедуралар KASE Биржалық кеңесінің 2012 жылдың 14 мамырындағы шешімімен (№ 9 хаттама) бекітілген, Қаржы құралдарымен клирингілік қызметті жүзеге асыру ережелері (2 баптың 1 тармағының 18 тармақшасы)
клирингілік кепілдік қорлар клирингілік қатысушылардың кепілдік жарналары есебінен белгіленген тәртіпте қалыптастырылатын, қорлар KASE Биржалық кеңесінің 2012 жылдың 14 мамырындағы шешімімен (№ 9 хаттама) бекітілген, Қаржы құралдарымен клирингілік қызметті жүзеге асыру ережелері (2 баптың 1 тармағының 19 тармақшасы)
клирингілік қатысушы биржамен клирингілік қызмет көрсету туралы келісім-шарт жасасқан, заңды тұлға KASE Биржалық кеңесінің 2012 жылдың 14 мамырындағы шешімімен (№ 9 хаттама) бекітілген, Қаржы құралдарымен клирингілік қызметті жүзеге асыру ережелері (2 баптың 1 тармағының 24 тармақшасы)
клирингілік қатысушыны бағалау әдістері клирингілік қатысушының қаржы жағдайын бағалау және жайғасымдар ашу шектелімін есептеу әдістемесін сипаттайтын, Биржалық кеңес бекітетін, Биржаның ішкі құжаты KASE Биржалық кеңесінің 2012 жылдың 14 мамырындағы шешімімен (№ 9 хаттама) бекітілген, Қаржы құралдарымен клирингілік қызметті жүзеге асыру ережелері (2 баптың 1 тармағының 30 тармақшасы)
клирингілік қатысушының нетто-міндеттемесі клирингілік сессия барысында пайда болған, клирингілік қатысушының өз жайғасымы немесе оның клиенттерінің жайғасымдары бойынша клирингілік қатысушының Биржаның алдындағы қазақстандық теңгемен немесе өзге де валютамен қорытынды міндеттемесі KASE Биржалық кеңесінің 2012 жылдың 14 мамырындағы шешімімен (№ 9 хаттама) бекітілген, Қаржы құралдарымен клирингілік қызметті жүзеге асыру ережелері (2 баптың 1 тармағының 35 тармақшасы)
клирингілік қатысушының нетто-талабы клирингілік сессия барысында пайда болған, клирингілік қатысушының өз жайғасымы немесе оның клиенттерінің жайғасымдары бойынша Биржаның клирингілік қатысушысы алдындағы қазақстандық теңгемен немесе өзге де валютамен қорытынды міндеттемесі KASE Биржалық кеңесінің 2012 жылдың 14 мамырындағы шешімімен (№ 9 хаттама) бекітілген, Қаржы құралдарымен клирингілік қызметті жүзеге асыру ережелері (2 баптың 1 тармағының 37 тармақшасы)
клирингілік қорлар клирингілік кепілдік қорлар және (немесе) клирингілік сақтық қоры KASE Биржалық кеңесінің 2012 жылдың 14 мамырындағы шешімімен (№ 9 хаттама) бекітілген, Қаржы құралдарымен клирингілік қызметті жүзеге асыру ережелері (2 баптың 1 тармағының 20 тармақшасы)
клирингілік операциялар есептесулерді жинау, салыстырып тексеру, сұрыптау мен растау, сондай-ақ өзара есеп айырысуды жүргізу және клирингке қатысушылардың таза жайғасымдарын анықтау жөніндегі операциялар ҚҚА Басқармасының 2010 жылдың 1 ақпанындағы № 5 қаулысымен бекітілген, Орталық депозитарийде тәуекелдерді басқару жүйесінің бар болуы қойылатын талаптар бойынша нұсқаулық (3 тармақтың 6 тармақшасы)
Клирингілік палата негізгі қызметі қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша клирингілік қызметін жүзеге асыру және клирингілік қатысушылардың заңнама мен ішкі құжаттардың талаптарына сәйкестігіне мониторинг, соның ішінде, қаржылық жағдайына қойылатын талаптар бойынша мониторинг жүргізу болып табылатын, KASE құрылымдық бөлімшесі KASE Биржалық кеңесінің 2012 жылдың 14 мамырындағы шешімімен (№ 9 хаттама) бекітілген, Қаржы құралдарымен клирингілік қызметті жүзеге асыру ережелері (2 баптың 1 тармағының 15 тармақшасы)
клирингілік сақтық қоры белгіленген тәртіпте KASE меншікті қаржылары есебінен қалыптастырылатын, қор KASE Биржалық кеңесінің 2012 жылдың 14 мамырындағы шешімімен (№ 9 хаттама) бекітілген, Қаржы құралдарымен клирингілік қызметті жүзеге асыру ережелері (2 баптың 1 тармағының 21 тармақшасы)
клирингілік шот клирингілік қатысушының немесе оның клиентінің (клиенттерінің) қаржы құралдары мен ақшасы бойынша жайғасымдарын есепке алуда қолданылатын, KASE клирингілік жүйесіндегі белгілі жазбалар мен басқа да таңбалардың тіркеушілік жиынтығы KASE Биржалық кеңесінің 2012 жылдың 14 мамырындағы шешімімен (№ 9 хаттама) бекітілген, Қаржы құралдарымен клирингілік қызметті жүзеге асыру ережелері (2 баптың 1 тармағының 23 тармақшасы)
коммуникациялық жүйе орталық депозитарийдің органдары мен бөлімшелері, тіркеушілері, эмитенттері, депоненттері және орталық депозитарий арасындағы ақпаратты беру процестерін, сондай-ақ орталық депозитарийдің өзге жүйелерін басқару үшін бағытталған, орталық депозитарийді бағдарламалық-техникалық қамтуы; ҚҚА Басқармасының 2010 жылдың 1 ақпанындағы № 5 қаулысымен бекітілген, Орталық депозитарийде тәуекелдерді басқару жүйесінің бар болуы қойылатын талаптар бойынша нұсқаулық (3 тармақтың 7 тармақшасы)
корпоративтік басқару орталық депозитарийдің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, оның акционерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған және акционерлерге орталық депозитарийдің қызметіне тиімді бақылау мен мониторинг жасау мүмкіндігін беретін, жоғарғы орган, басқару органы, атқарушы орган арасындағы өзара қарым-қатынастар кешені ретінде сипатталатын, орталық депозитарийді стратегиялық және тактикалық басқару жүйесі; ҚҚА Басқармасының 2010 жылдың 1 ақпанындағы № 5 қаулысымен бекітілген, Орталық депозитарийде тәуекелдерді басқару жүйесінің бар болуы қойылатын талаптар бойынша нұсқаулық (3 тармақтың 8 тармақшасы)
корпоративтік веб-сайт қоғамға тиесілі және уәкілетті орган белгілеген талаптарға сай келетін, интернет-ресурстағы ресми электрондық сайт. Көпшілік компаниялар үшін корпоративтік веб-сайттың бар болуы міндетті. "Акционерлік қоғамдар туралы" заң (1 баптың 11 тармақшасы)
корпоративтік хатшы қоғамның директорлар кеңесінің және (немесе) атқарушы органының мүшесі болып табылмайтын акционерлік қоғамның қызметкері, оны қоғамның директорлар кеңесі тағайындайды және ол қоғамның директорлар кеңесіне есеп береді, сондай-ақ өз қызметі шеңберінде акционерлер жиналысының және қоғамның директорлар кеңесінің отырыстарын дайындауға және өткізуге бақылау жасайды, акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдарды және қоғамның директорлар кеңесінің отырысына материалдар әзірлеуді қамтамасыз етеді, оларға қол жеткізудің қамтамасыз етілуін бақылайды. Корпоративтік хатшының құзыреті және қызметі қоғамның ішкі құжаттарында анықталады "Акционерлік қоғамдар туралы" заң (1 баптың 12 тармақшасы)
кредитор облигацияларды ұстаушы болып табылатын, жеке және (немесе) заңды тұлға, немесе жобалық қаржыландыру кезінде несие беруді жүзеге асыратын, заңды тұлға "Жобалық қаржыландыру және секьюритизациялау туралы" заң (1 баптың 10 тармақшасы)
кросс-бағам АҚШ долларына қатысты бағамдарынан құралатын, екі валютаның арасындағы баға белгіленімі ҚРҰБ Басқармасының 2012 жылдың 24 тамызындағы № 242 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу ережелері (1 тармақтың 2 тармақшасы)
кумулятивтік дауыс беру дауыс беруге қатысушы әрбір акцияға қоғам органы сайланатын мүшелерінің санына тең дауыс саны келетін, дауыс беру тәсілі "Акционерлік қоғамдар туралы" заң (1 баптың 23 тармақшасы)
купондық кезең купондық облигация бойынша бір купон төленетін кезең KASE Басқармасының 2002 жылдың 28 қарашасындағы № 127/1 шешімімен бекітілген, Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған мәмілелердің сомасын есептеу әдістемесі (2 тармақтың 2 тармақшасы)
купондық облигация облигацияның белгіленген айналыста болу мерзімі аяқталғаннан кейін иесіне осы облигацияның номиналды құнын, сонымен бірге купон (купондар) күйіндегі сыйақысын алу құқығын растайтын, облигация KASE Басқармасының 2002 жылдың 28 қарашасындағы № 127/1 шешімімен бекітілген, Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған мәмілелердің сомасын есептеу әдістемесі (2 тармақтың 8 тармақшасы)
Қ
қабылданған өтінімдердің тізілімі акцияларға жазылым барысында сатып алушылардан KASE қабылдаған, өтінімдер тізімі KASE Биржалық кеңесінің 2012 жылдың 29 наурызындағы шешімімен (№ 05 хаттама) бекітілген, акцияларда жазылым жүргізу ережелері (1 баптың 1 тармағының 4 тармақшасы)
қадағалаушы сауда-сатық жүйесінде сауда-саттық барысын және нәтижелерін қарауға жіберілген, KASE мүшесінің қызметкері KASE Биржалық кеңесінің 2012 жылдың 15 маусымындағы шешімімен (№ 12 хаттама) бекітілген, Сауда-саттық жүйесін пайдаланушыларын сертификаттау ережелері (2 баптың 1 тармақтың 12 тармақшасы)
қазақстандық депозиттiк қолхат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған эмиссиялық БҚ белгiлi бiр санына меншiк құқығын растайтын, туынды эмиссиялық БҚ "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 48 тармақшасы)
қазынашылық міндеттеме Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан шығарылатын, мемлекеттік эмиссиялық БҚ KASE Биржалық кеңесінің 2004 жылдың 29 желтоқсанындағы шешімімен (№ 49 хаттама) бекітілген, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін орналастыру ережелері (1 баптың 1 тармағының 3 тармақшасы)
қамтамасыз етiлген облигация эмитент мiндеттемелерiн орындау эмитент мүлкiнiң кепiлiмен, банк кепiлдiгiмен толық немесе ішінара қамтамасыз етiлген облигация "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 49 тармақшасы)
қанағаттандырылған өтінімдер қанағаттандыруға жататын, акцияларға жазылым барысында KASE сатып алушыдан қабылдаған, өтінімдер тізімі KASE Биржалық кеңесінің 2012 жылдың 29 наурызындағы шешімімен (№ 05 хаттама) бекітілген, акцияларда жазылым жүргізу ережелері (1 баптың 1 тармағының 5 тармақшасы)
қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша клиринг қызметі қаржы құралдарымен мәмілелер жасау нәтижесінде есеп айырысуға қатысатын (төлемдерді жүзеге асыратын) субъектілердің талаптарын және (немесе) міндеттемелерін анықтау "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 50 тармақшасы)
қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша новация ішкі құжаттармен белгіленген шарттармен және тәртіпте жүзеге асырылатын, жасалған мәмілелер бойынша қолданыстағы келісім-шарттық міндеттемелерді өзге міндеттемелермен ауыстыру арқылы орындау немесе тоқтату тәсілі KASE Биржалық кеңесінің 2012 жылдың 14 мамырындағы шешімімен (№ 9 хаттама) бекітілген, Қаржы құралдарымен клирингілік қызметті жүзеге асыру ережелері (2 баптың 1 тармағының 39 тармақшасы)
қаржы құралдарын материалсыздандыру құжаттық нысанда шығарылған қаржы құралдарымен куәландырылатын құқықтарды растау тәсiлiн осы құқықтарды орталық депозитарийдiң және (немесе) тіркеушінің есепке алу жүйесiндегi электрондық жазбалармен растау арқылы өзгерту "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 51тармақшасы)
қаржы құралы операциялар нәтижесінде бір ұйымның қаржылық активімен бір мезгілде басқа ұйымда қаржылық міндеттеме немесе үлестік құрал туындайтын ақша, туынды құнды қағаздарды қоса алғанда, құнды қағаздар, туынды қаржы құралдары мен басқа да қаржы құралдары Азаматтық кодекс (128-1 баптың 1 тармағы)
қаржы құралы бойынша офсеттік мәміле көлемі (қаржы құралдарының саны) бірдей, бірақ қарсы бағыттағы осы қаржы құралы бойынша басқа мәмілеге тең, мәміле KASE Биржалық кеңесінің 2012 жылдың 14 мамырындағы шешімімен (№ 9 хаттама) бекітілген, Қаржы құралдарымен клирингілік қызметті жүзеге асыру ережелері (2 баптың 1 тармағының 46 тармақшасы)
қаржы нарығы қаржы қызметiн көрсету мен тұтынуға және қаржы құралдарының айналымына байланысты қатынастар жиынтығы "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 52 тармқшасы)
қаржы нарығындағы кәсiби қызмет қаржылық қызмет көрсету жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекет тарапынан бақылау туралы" заң (1 баптың 2 тармақшасы)
қаржылық актив ақшасын, басқа ұйымның үлестік құралын білдіретін кез келген актив, басқа ұйымнан ақшасын немесе өзге де қаржылық активті алуға немесе өзі үшін ықтимал тиімді жағдайларда басқа ұйыммен қаржылық активтермен немесе қаржылық міндеттемелермен алмасуға шарттық құқық немесе есеп айырысу ұйымның меншікті үлестік құралдарымен жүзеге асырылатын немесе жүзеге асырылуы мүмкін және бұл ретте, ұйымның меншікті үлестік құралдарының ауыспалы санын алатын немесе алуы міндетті болатын туынды құрал немесе ақшасының немесе өзге де қаржылық активтің белгіленген сомасын алмастыру жолынан гөрі есеп айырысу ұйымның меншікті үлестік құралдарының белгіленген санына кез келген өзге тәсілмен жүргізілетін немесе жүргізілуі мүмкін туынды құрал болып табылатын шарт Азаматтық кодекс (128-1 баптың 2 тармағы)
қаржылық қызметтердің тұтынушысы қаржылық ұйымның қызмет көрсетуiн пайдаланушы, сондай-ақ өз қаражаттарын қаржы құралдарына инвестициялайтын жеке немесе заңды тұлға "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекет тарапынан бақылау туралы" заң (1 баптың 1 тармақшасы)
қаржылық міндеттем ақшасын немесе өзге де қаржылық активті басқа ұйымға беру немесе өзі үшін ықтимал тиімсіз жағдайларда басқа ұйыммен қаржылық активтермен немесе қаржылық міндеттемелермен алмасудың шартты міндеттемелерін білдіретін кез келген міндеттеме немесе есеп айырысу ұйымның меншікті үлестік құралдарымен жүзеге асырылатын немесе жүзеге асырылуы мүмкін және бұл ретте, ұйымның меншікті үлестік құралдарының ауыспалы санын беретін және беруге міндетті болатын туынды емес құрал немесе ақшасының немесе өзге де қаржылық активтің тіркелген сомасын алмастыру жолынан гөрі есеп айырысу ұйымның меншікті үлестік құралдарының тіркелген санына кез келген өзге тәсілмен жүргізілетін немесе жүргізілуі мүмкін туынды құрал болып табылатын, шарт Азаматтық кодекс (128-1 баптың 3 тармағы)
қаржылық ұйым қаржылық қызмет көрсету жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекет тарапынан бақылау туралы" заң (1 баптың 4 тармақшасы)
қарсы әріптес Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес қаржы құралдарымен мәмілелер жасау құқығына ие заңды тұлға; ҚҚА Басқармасының 2006 жылдың 27 қазанындағы № 225 қаулысымен бекітілген, Зейнетақылық активтердің инвестициялық басқаруын жүзеге асыратын, ұйымдар мен жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметтерін жүзеге асыру ережелері (2 тармақтың 2 тармақшасы)
қарсылама өтінім "сауда-саттық өткізудің белгілі бір әдісін қолданғанда: қандай да бір қаржы құралының сатылымына істегі өтініміне қатысты – сол қаржы құралын сатып алуға өтінім; қандай да бір қаржы құралының сатылымына істегі өтініміне қатысты – сол қаржы құралын сатуға өтінім " KASE Биржалық кеңесінің 2004 жылдың 29 желтоқсанындағы шешімімен (№ 49 хаттама) бекітілген, Сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида (2 баптың 2 тармағының 1) тармақшасы)
қатысушы сауда-саттық жүйесімен қашықтан кіру тəртібінде жұмыс істеуге құқылы (заңды тұлға – интернет-клиенттен басқа), ұйым KASE Басқармасының 2003 жылдың 28 наурызындағы № 38/1 шешімімен бекітілген, сауда-саттық жүйесімен қашықтан кіру тәртіптемесінде жұмыс жасау ережелері (1 тармақтың 12 тармақшасы)
қашықтан кіру тəртібі сауда-саттық жүйесін пайдаланушысының (сауда-саттық жүйесінде белгілі бір əрекеттер жүргізуге өкілденген жеке тұлғаның) Биржада болуын талап етпейтін, сауда-саттық жүйесімен жұмыс жасау əдісі KASE Басқармасының 2003 жылдың 28 наурызындағы № 38/1 шешімімен бекітілген, сауда-саттық жүйесімен қашықтан кіру тәртіптемесінде жұмыс жасау ережелері (1 тармақтың 7 тармақшасы)
қоғамды корпоративтік басқару кодексі қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында бекітілетін, қоғамды басқару процесінде туындайтын қатынастарды, оның ішінде қоғамның акционерлері мен органдары арасындағы, қоғам органдары, қоғам және мүдделі тұлғалар арасындағы қатынастарды реттейтін, құжат "Акционерлік қоғамдар туралы" заң (1 баптың 14 тармақшасы)
қолдайтын маржа бастапқы маржаның деңгейі, осы деңгейге жеткенде клирингілік қатысушы, белгіленген тәртіпте, KASE корреспонденттік шотына қосымша ақша аударуы міндетті KASE Биржалық кеңесінің 2012 жылдың 14 мамырындағы шешімімен (№ 9 хаттама) бекітілген, Қаржы құралдарымен клирингілік қызметті жүзеге асыру ережелері (2 баптың 1 тармағының 49 тармақшасы)
қор биржасы акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйелерiн пайдалана отырып, оларды тiкелей жүргiзу арқылы сауда-саттықты ұйымдық және техникалық жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асыратын заңды тұлға "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 53 тармқшасы)
қор биржасының мүшелерi бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушылары және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, бағалы қағаздардан басқа, өзге қаржы құралдарымен мәмiлелердi жүзеге асыру құқығы бар өзге де заңды тұлғалар қор биржасының мүшелерi болып табылады. "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 86 тармақшасы)
қор биржасының ресми тізімі (ресми тізі) сауда-саттық ұйымдастырушысы ретінде Биржа тізімінің бір бөлігі (Қазақстан Республикасы "Бағалы қағаздар нарығы туралы" 2003 жылдың 02 шілдесіндегі заңында белгіленгендей), осы тізімге енгізіліп, осы тізімде болу үшін бағалы қағаздар мен олардың эмитенттері белгілі бір (листингілік) талаптарға сәйкес болуы тиіс ҚҚА Басқармасының 2008 жылдың 26 мамырындағы № 77 қаулысымен бекітілген, Қор биржасында айналысқа жіберілетін, эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жеке санаттарына қойылатын талаптар туралы (1 тармақтың 5 тармақшасы)
қор биржасының сауда жүйесi осы қор биржасының мүшелерi арасында эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер оларды пайдалана отырып жасалатын қор биржасының материалдық-техникалық құралдарының, iшкi құжаттарының және өзге де қажеттi активтерi мен рәсiмдерiнiң кешенi "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 54 тармақшасы)
қор биржасының трейдері осы қор биржасының сауда жүйесін пайдалана отырып, қор биржасы мүшесінің атынан мәмілелер жасасуға және өзге де іс-әрекеттерді орындауға уәкілеттік берілген жеке тұлға "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 55 тармақшасы)
қор тәуекелі қаржы құралының нарықтық құнының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдары бойынша тәуекел; ҚРҰБ Басқармасының 2012 жылдың 24 ақпанындағы № 76 қаулысымен бекітілген, Зейнетақылық активтердің инвестициялық басқаруын жүзеге асыратын, зейнетақы қорлары мен ұйымдардың тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру ережелері (2 тармақтың 12 тармақшасы)
қосалқы шот уәкілетті органның лицензиясы негізінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес бағалы қағаздар нарығында дилерлік қызметті жүзеге асыратын депонентке (депонент клиентіне) немесе ұйымдарға тиесілі қаржы құралдарын есепке алуға арналған жеке шот шеңберінде ашылатын қосалқы шот ҚҚА Басқармасының 2008 жылдың 29 желтоқсанындағы № 238 қаулысымен бекітілген, Орталық депозитарийдің қызметін жүзеге асыру ережелері (1 тармақтың 4 тармақшасы)
қосымша қамтамасыз ету арнайы қаржы компаниясының кредиторлар алдындағы міндеттемелерінің орындалуын үшінші тұлғалардың есебінен кепілдік, кепілгерлік, кепілзат түрінде, сондай-ақ келісім-шарттарда көзделген өзге де жолдармен қамтамасыз ету тәсілдері "Жобалық қаржыландыру және секьюритизация туралтуралы" заң (1 баптың 11 тармақшасы)
құбылмалы купонды облигация шығарылым шарттарына сəйкес купонның мөлшерлемесі айналыста болу мерзімінде өзгеретін, бастапқы кезде тек купондық кезеңдердің шектелген санына белгіленіп, ал қалған купондық кезеңдерге қатысты белгісіз болатын индексетелінген, купондық облигациясы KASE Басқармасының 2002 жылдың 28 қарашасындағы № 127/1 шешімімен бекітілген, Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған мәмілелердің сомасын есептеу әдістемесі (2 тармақтың 9 тармақшасы)
құжатсыз бағалы қағаз құжатсыз нысанда (электрондық жазбалардың жиынтығы түрiнде) шығарылған, БҚ "Бағалы қағаздар нарығын туралы" заң (1 баптың 56 тармақшасы)
құқықтық тәуекел орталық депозитарий заңнама талаптарын бұзуы, соның ішінде орталық депозитарийдің ішкі құжаттарының уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келмеуі, орталық депозитарийдің қызмет практикасының оның ішкі құжаттарына сәйкес келмеуі, ал резиденттер еместерге қатысты - басқа мемлекеттер заңнамасының талаптарын бұзу салдарынан шығыстар (шығындау) туындау тәуекелі ҚҚА Басқармасының 2010 жылдың 1 ақпанындағы № 5 қаулысымен бекітілген, Орталық депозитарийде тәуекелдерді басқару жүйесінің бар болуы қойылатын талаптар бойынша нұсқаулық (3 тармақтың 10 тармақшасы)
қысқа (ұзын) жайғасым клирингілік қатысушысы немесе оның клиенті қаржы құралын сатып алуына (сатуына) байланысты ашылған, жайғасым KASE Биржалық кеңесінің 2012 жылдың 14 мамырындағы шешімімен (№ 09 хаттама) бекітілген, Қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша клирингілік қызметін жүзеге асыру ережелері (2 баптың 1 тармағының 7 тармақшасы)
қысқа мерзімді ноталарды мерзімінен бұрын өтеу бағалы қағаздардың қайталама нарығында, өтеу мерзімі аяқталғанға дейін, Бастапқы агентпен күні, саны және өтеу бағасы туралы алдын ала келісіп, қысқа мерзімді ноталарды ҚРҰБ айналыстан толық немесе жартылай шығаруы ҚРҰБ Басқармасының 2005 жылдың 15 қыркүйегіндегі № 108 қаулысымен бекітілген, ҚРҰБ қысқа мерзімді ноталарын шығару, орналастыру, айналысқа жіберу және өтеу ережелері (1 баптың 5 тармақшасы)
қысқа мерзімді ноталарды сатып алу Бағалы қағаздардың қайталама нарығында, өтеу мерзімі аяқталғанға дейін, Бастапқы агентпен күні, саны және сатып алу бағасы туралы алдын ала келісіп, олардың бұдан әрі айналыста болу мүмкіндігімен, ҚРҰБ қысқа мерзімді ноталарын сатып алу ҚРҰБ 2005 жылдың 15 қыркүйегіндегі № 108 қаулысымен бекітілген, ҚРҰБ қысқа мерзімді ноталарды шығару, орналастыру, айналысқа жібері және өтеу ережелері (1 баптың 6 тармақшасы)
Қысқа мерзімді ноталарды шығару және орналастыру шарттары ҚРҰБ ақша-несиелік саясатына сәйкес анықталатын және белгіленетін, қысқа мерзімді ноталарды шығарудың, орналастыру датасы, айналыста болу мерзімі, өтеу датасы, орналастыру көлемі, өтінімдерді қанағаттандыру бойынша шектеулер, төлеу датасы, орналастыру нысаны сияқты шарттар кіретін, негізгі талаптары ҚРҰБ Басқармасының 2005 жылдың 15 қыркүйегіндегі № 108 қаулысымен бекітілген, ҚРҰБ қысқа мерзімді ноталарын шығару, орналастыру және өтеу ережелері (1 баптың 7 тармақшасы)
Л
лауазымды тұлға акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің, оның атқарушы органының мүшесі немесе акционерлік қоғамның атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын, тұлға "Акционерлік қоғамдар туралы" заң (1 баптың 16 тармақшасы)
левередж эмитенттiң мiндеттемелерi мен өзіндік капиталы мөлшерлерiнiң арасындағы арақатынас "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 58 тармақшасы)
листинг қор биржасының бағалы қағаздар тiзiмiнiң санатына енгiзу және сол санатта болу үшiн қор биржасының iшкi құжаттарында бағалы қағаздарға және олардың эмитенттерiне арнайы (листингілiк) талаптар белгiленiп, бағалы қағаздарды оған енгiзу "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заңы (1 бабының 59 тармағы)
листингілік алым беймемлекеттік бағалы қағаздарды Биржаның ресми тізіміне енгізу және олардың осында болуына төленетін, алымдар KASE Биржалық кеңесінің 2009 жылдың 5 қарашасындағы шешімімен (№ 29(з) хаттамасы) бекітілген, Листингілік ережелер (1 баптың 1 тармағының 14 тармақшасы)
листингілік бағалы қағаздар Биржаның ресми тізімінде тұрған, бағалы қағаздар KASE Биржалық кеңесінің 2009 жылдың 5 қарашасындағы шешімімен (№ 29(з) хаттамасы) бекітілген, Листингілік ережелер (1 баптың 1 тармағының 13 тармақшасы)
листингілік келісім-шарт рұқсат ету бастамашысы мен Биржа арасында жасалатын (жасалған) келісім-шарт, айтылмыш келісім-шарт қолданыстағы заңнамаға, осы Ережелерге және басқа да Биржаның ішкі құжаттарына сәйкес айналысқа жіберуге рұқсат етілген қандай да бір бағалы қағаздарды Биржаның ресми тізіміне енгізу және осы тізімде болуына байланысты қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтайды KASE Биржалық кеңесінің 2009 жылдың 5 қарашасындағы шешімімен (№ 29(з) хаттамасы) бекітілген, Листингілік ережелер (1 баптың 1 тармағының 9 тармақшасы)
листингілік комиссия листинг, делистинг немесе бағалы қағаздардың ресми тізімдегі санатын (санатшасын) ауыстыру мәселелерін қарайтын, Биржа органы KASE Биржалық кеңесінің 2009 жылдың 5 қарашасындағы шешімімен (№ 29(з) хаттамасы) бекітілген, Листингілік ережелер (1 баптың 1 тармағының 10 тармақшасы)
листингілік компания Биржаның ресми тізіміндегі бағалы қағаздарды шығарған, эмитент-ұйым KASE Биржалық кеңесінің 2009 жылдың 5 қарашасындағы шешімімен (№ 29(з) хаттамасы) бекітілген, Листингілік ережелер (1 баптың 1 тармағының 11 тармақшасы)
листингілік талаптар бағалы қағаздарды ресми тізімге енгізу және олардың айтылмыш тізімде болу мақсатында, бағалы қағаздарға және олардың эмитенттеріне қойылатын талаптар KASE Биржалық кеңесінің 2009 жылдың 5 қарашасындағы шешімімен (№ 29(з) хаттамасы) бекітілген, Листингілік ережелер (1 баптың 1 тармағының 12 тармақшасы)
лицензиат уәкiлеттi орган берген лицензия негiзiнде бағалы қағаздар рнарығында қызметтi жүзеге асыратын, заңды тұлға "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 60 тармақшасы)
ломбардтық тізім Ұлттық Банктің аукционда сатып алуына рұқсат етілген бағалы қағаздардың (ұлттық сәйкестендіру нөмірлері көрсетілген) тізбесі. ҚРҰБ Басқармасының 2012 жылдың 25 қаңтарындағы № 4 қаулысымен бекітілген, ҚР Ұлттық Банкінің бағалы қағаздарды, қайта сатуымен, сатып алу аукционын жұргізу ережелері (4 тармақтың 3 тармақшасы)
лот
  • қаржы құралы сауда-саттығының бірлігі;
  • қаржы құралы бойынша өтінімнің көлемі осыға тең немесе еселі болатын, қаржы құралының саны
KASE Басқармасының 2012 жылдың 27 қаңтарындағы шешімімен (№ 17 хаттама) бекітілген, Сауда-саттықтың және Растау жүйесінің жұмыс регламенті (1 баптың 1 тармағының 2 тармақшасы)
М
міндеттi зейнетақы жарналары заңнамада белгiленген тәртiппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына салынатын, ақша "Зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заң (1 баптың 25 тармақшасы)
міндеттi зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі мiндеттi зейнетақы жарналары салымшысының зейнетақы жарналарын есептеу үшiн алынатын табысына пайыздық қатынаспен көрсетiлген бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетiн төлем мөлшерi "Зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заң (1 баптың 29 тармақшасы)
міндеттi зейнетақы жарналарының салымшысы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шоты бар жеке тұлға "Зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заң (1 баптың 30 тармақшасы)
мінсiз iскерлiк бедел кәсiпқойлықты, адалдықты, алынбаған немесе өтелмеген соттылығы жоқ екенiн растайтын, фактiлердiң болуы "Бағалы қағаздар нарығын туралы" заң (1 баптың 56 тармақшасы)
маржалық жарна клирингілік қатысушының және оның клиентінің жайғасымдарын ашуға және (немесе) оның нетто-міндеттемелерін орындауға арналған, KASE корреспонденттік шотындағы клирингілік қатысушының жіне оның клиентінің қаражат сомасы Правила осуществления клиринговой деятельности по сделкам с финансовыми инструментами, утвержденные решением Биржевого совета KASE от 14 мая 2012 года (протокол № 9) (подпункт 29 пункта 1 статьи 2)
маржалық шот биржалық сауда-саттықтың қатысушылары мерзімді келісім-шарттар бойынша иемденген (сатылған) мерзімді келісім-шарттардың санына пропорционалды төлейтін және сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сәйкес есептелетін мерзімді келісім-шарттар бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету үшін қолданылатын сомаларды есепке алу мақсатында, сауда-саттықты ұйымдастырушысы клиринг мүшесінің атына ашатын, шот KASE Биржалық кеңесінің 2012 жылдың 14 мамырындағы шешімімен (№ 9 хаттама) бекітілген, Қаржы құралдарымен клирингілік қызметті жүзеге асыру ережелері (1-1 тармағының 4 тармақшасы)
маркет-мейкер қандай да бір атаудағы қаржы құралдар бойынша баға белгілеулерді үнемі жариялап, қолдауға міндеттеме алған және осы мәртебеден туындайтын барлық қызметтерді атқаратын, KASE оны қандай да бір атаудағы қаржы құралының маркет-мейкері ретінде мойындаған, KASE мүшесі KASE Биржалық кеңесінің 2012 жылдың 26 қарашасындағы шешімімен (№ 27 хаттама) бекітілген, Маркет-мейкерлер туралы қағида (1 баптың 1 тармағының 1 тармақшасы)
маркет-мейкердің баға белгілеуі, міндетті баға белгілеу маркет-мейкердің өз міндеттерін орындауы аясында KASE сауда-саттық жүйесіне ұсынған қаржы құралдарын сатып алуға және/немесе сатуға өтінімі, аталмыш өтінім шарттары негізінде оның мәміле жасауға берген сөзсіз келісімі KASE Биржаллық кеңесінің 2010 жылдың 25 маусымындағы шешімімен (№ 14 хаттама) бекітілген, Маркет-мейкерлер қызметінің ережелері (1 баптың 1 тармағының 1 тармақшасы)
мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi Қазақстан Республикасының азаматтарына заңнамада белгiленген зейнеткерлiк жасқа жеткен соң берiлетiн, ай сайынғы ақшалай төлем "Зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заң (1 баптың 24 тармақшасы)
мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаз қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі, ҚРҰБ және жергiлiктi атқарушы органдар болатын қарызға қатысты оны ұстаушының құқықтарын куәландыратын немесе оны ұстаушының қосалқы жалдау шарты негiзiнде активтердi пайдаланудан табыстар алуға құқықтарын куәландыратын, эмиссиялық бағалы қағаз "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 62 тармақшасы)
меншікті активтерді инвестициялау саясаты инвестициялау объектілерінің тізбесін, Қордың (Ұйымның) меншікті активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің мақсаттарын, стратегиясын, талаптары мен шектеулерін, Ұйымның (Қордың) директорлар кеңесі бекіткен меншікті активтерді хеджерлеу мен әртараптандырудың талаптарын анықтайтын, құжат ҚҚА Басқармасының 2006 жылдың 27 қазанындағы № 225 қаулысымен бекітілген, Зейнетақылық активтердің инвестициялық басқаруын жүзеге асыратын, ұйымдар мен жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметтерін жүзеге асыру ережелері (2 тармақтың 3 тармақшасы)
мерзімді келісім-шарт сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарында белгіленген талаптармен, мерзімін ұзартып орындаумен қаржы құралын абсолюттік және шартты сатып алу-сату шарты; KASE Биржалық кеңесінің 2012 жылдың 14 мамырындағы шешімімен (№ 9 хаттама) бекітілген, Қаржы құралдарымен клирингілік қызметті жүзеге асыру ережелері (1-1 тармағының 5 тармақшасы)
мерзімдік келісімшарттармен жасалатын операциялар бойынша комиссиялық алымдар мерзімдік келісімшарттарды сату-сатып алу бойынша Биржаның комиссиялық алымдары KASE Биржалық кеңесінің 2012 жылдың 29 наурызындағы шешімімен (№ 5 хаттама) бекітілген, Мүшелік жарналар мен биржалық алымдар туралы қағида (1 баптың 1 тармағының 3 тармақшасы)
мәміле бағасы мәміле жасалған, қаржы құралының бағасы KASE Биржалық кеңесінің 2004 жылдың 29 желтоқсанындағы шешімімен (№ 49 хаттама) Сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида (1 баптың 2 тармағының 14 тармақшасы)
мәмілелер азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен мiндеттерiн белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттерi мәмiлелер деп танылады Азаматтық кодекс (147 бап)
миноритарлық акционер акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының он процентінен азы тиесілі акционер "Акционерлік қоғамдар туралы" заң (1 баптың 17 тармақшасы)
міндетті баға белгілеу
  • маркет-мейкердің өз міндеттерін орындауы аясында сауда жүйесіне ұсынған қаржы құралдарын сатып алуға және (сатуға) өтінімі және осы өтінім шарттары негізінде оның мәміле жасауға сөзсіз келісімі;
  • немесе ағымдағы уақыттағы маркет-мейкердің өз міндеттерін орындауы аясында сауда-саттық жүйесіне қандай да бір атаудағы қаржы құралын сатып алу (сату) бойынша бір бағамен берген барлық белсенді өтінімдері, маркет-мейкердің осы өтінімдердің шарттарымен мәміле жасауға сөзсіз келісімі болып табылады
KASE Биржалық кеңесінің 2012 жылдың 26 қарашасындағы шешімімен (№ 27 хаттама) бекітілген, Маркет-мейкерлер туралы қағида (1 баптың 1 тармағының 3 тармақшасы)
міндетті зейнетақы жарналарын төлеу агенті Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекемесi арқылы жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлғаны, сондай-ақ шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдарын, өкiлдiктерiн қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын есептейтiн, ұстап қалатын (есебіне жазатын) және аударатын жеке немесе заңды тұлға "Зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заң (1 баптың 28 тармақшасы)
мүдделер қақтығысы бағалы БҚН қатысушылар мен олардың клиенттерiнiң мүдделерi бiр-бiрiне сәйкес келмейтiн, жағдай "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 64 тармақшасы)
Н
нарықтық өтінім сатып алуды қалаған бағасы көрсетілмеген, орналастырылған қазынашылық міндеттемелерді сатып алуға өтінім, осы өтінімді берген бастапқы дилер осы қазынашылық міндеттемелерді қанағаттандыруы мүмкін кез келген бағамен сатып алуды қалайтынын білдіреді KASE Биржалық кеңесінің 2004 жылдың 29 желтоқсанындағы шешімімен (№ 49 хаттама) бекітілген, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін орналастыру ережелері (1 баптың 1 тармағының 2 тармақшасы)
неттинг жасалған мәмілелердің тараптары арасында (соның ішінде Орталық контрагент) біркелкі қарсылама талаптар мен міндеттемелерді есепке алу арқылы немесе басқа да әдістер арқылы, қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша клирингілік қызметті жүзеге асыру тәсілі KASE Биржалық кеңесінің 2012 жылдың 14 мамырындағы шешімімен (№ 9 хаттама) бекітілген, Қаржы құралдарымен клирингілік қызметті жүзеге асыру ережелері (2 баптың 1 тармағының 34 тармақшасы)
нәтижелі сауда-саттық сессиясы қандай да бір қаржы құралы бойынша өткізілген сауда-саттық барысында осы қаржы құралымен ең болмаса бір мәміле жасалған, сауда-саттық сессиясы KASE Басқармасының 2012 жылдың 27 қаңтарындағы шешімімен (№ 17 хаттама) бекітілген, Сауда-саттықтың және Растау жүйесінің жұмыс регламенті (1 баптың 1 тармағының 4 тармақшасы)
номиналды ұстауды есепке алу жүйесi номиналды ұстау қызметiн көрсететiн бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушының бағалы қағаздарды ұстаушылар және оларға тиесiлi бағалы қағаздар туралы мәлiметтерi бар, уақыттың белгiлi бiр кезiнде бағалы қағаздарды сәйкестендiрудi, олармен жасалатын мәмiлелердi тiркеудi қамтамасыз ететiн есепке алу жүйесi, сондай-ақ осы бағалы қағаздардың айналымына немесе олар бойынша құқықтарды жүзеге асыруға арналып тiркелген шектеулердiң сипаты және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес өзге де мәлiметтер "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заңы (1 баптың 65 тармақшасы)
О
облигация шығару кезiнде айналыс мерзiмi алдын ала белгiленген, оны шығару шарттарына сәйкес облигацияны шығарған тұлғадан ол бойынша сыйақы алу және оның айналыс мерзiмiнiң аяқталуы бойынша облигацияның ақшалай немесе өзге де мүлiктiк балама түрдегi нақты құнын алу құқығын куәландыратын, бағалы қағаз Азаматтық кодекс (136 баптың 1 тармағы)
облигацияларды өтеу эмитенттiң орналастырылған облигацияларды сыйақы және облигацияның номиналды құнын төлеу (кейiннен сату мақсатынсыз) немесе оны облигациялар шығару проспектiсiнде белгiленген тәртiппен сол эмитенттiң акциясына (акцияларына) айырбастау арқылы айналымнан алып қою бойынша iс-әрекетi "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 66 тармақшасы)
облигацияларды ұстаушылардың өкiлi бағалы қағаздардың қайталама нарығындағы облигациялар айналымы, облигациялар бойынша сыйақы төлеу және оларды өтеу процесiнде эмитентпен жасалған шарт негiзiнде облигацияларды ұстаушылардың мүдделерiн көздеп iс-әрекет жасайтын ұйым "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 67 тармақшасы)
облигациялық бағдарлама эмитент облигациялардың бiрнеше шығарылымын, оның iшiнде шығарылымның тиiстi аңдатпасында анықталатын әртүрлi құрылыммен шығаруды жүзеге асыруға құқылы болатын шекте облигациялар шығару "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 68 тармақшасы)
облигацияның кірістілігі сатып алушыға облигацияны өтегенде (айналыста болу мерзімі аяқталғанда) сыйақы ретінде алынған сомаларды қайта инвестициялау мүмкіншілігін есепке алмай, облигация бойынша күтілетін, кірістілік көрсеткіші; жылдық пайызбен көрсетіледі KASE Басқармасының 2002 жылдың 28 қарашасындағы № 127/1 шешімімен бекітілген, Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған мәмілелердің сомасын есептеу әдістемесі (2 тармақтың 2 тармақшасы)
облигацияның номиналды құны облигация құнының ол шығарылған кезде айқындалған ақшалай түрі, оған купондық облигация бойынша пайызбен көрсетiлген сыйақы есептеледi, сондай-ақ облигацияны өтеген кезде оны ұстаушыға төленуге тиiстi сома "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 69 тармақшасы)
оқу құрылғысы дискета–токенде сақталған ақпаратты оқуға арналған құрылғы; KASE Биржалық кеңесімен 2002 жылдың 6 қарашасында (№ 15 хаттама) бекітілген, Сауда-саттық жүйесімен қашықтан кіру тәртіптемесінде жұмыс жасағанда бағдарламалық- -криптографиялық ақпаратты қорғау құралдарын қолдану ережелері (1 бабы 1 тармағының 16 тармақшасы)
оқшаулау БҚ сақталуын кепiлдеу мақсатымен жүзеге асырылатын, БҚ ұстаушылары тiзiлiмдерi жүйесiнде және номиналды ұстауды есепке алу жүйесiнде бағалы қағаздармен жасалатын азаматтық-құқықтық мәмiлелердi тiркеуге уақытша тыйым салу "Бағалы қағаздар нарығын туралы" заң (1 баптың 70 тармақшасы)
оңашаланған жайғасым туынды қаржы құралдарының тобына кірмейтін туынды қаржы құралы бойынша жайғасым, немесе туынды қаржы құралдарының тобына кіретін туынды қаржы құралына қарсы жайғасымы жоқ туынды қаржы құралының тобына кіретін, туынды қаржы құралы бойынша жайғасым KASE Биржалық кеңесінің 2012 жылдың 14 мамырындағы шешімімен (№ 9 хаттама) бекітілген, Қаржы құралдарымен клирингілік қызметті жүзеге асыру ережелері (2 баптың 1 тармағының 10 тармақшасы)
оператор Биржаның атынан сауда-саттық жүйесінде белгілі бір әрекеттерді (сауда-саттық жүйесіне әкімшілік ету) іске асыруға өкілденген, KASE қызметкері KASE Биржалық кеңесінің 2012 жылдың 15 маусымындағы шешімімен (№ 12 хаттама) бекітілген, Сауда-саттық жүйесін пайдаланушыларын сертификаттау ережелері (1 тармақтың 3 тармақшасы)
операциялық күн тіркеуші бұйрықтарды қабылдауды, өңдеуді, жеке шоттар бойынша операцияларды тіркеуді және ақпараттық операцияларды жүзеге асыратын уақыт кезеңі; ҚҚА Басқармасының 2006 жылдың 25 ақпанындағы № 62 қаулысымен бекітілген, Бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілім жүйесін жүргізу ережелері (1 тармақтың 6 тармақшасы)
операциялық тәуекел орталық депозитарий қызметінің сипаты мен ауқымдарына және (немесе) қолданыстағы заңнама талаптарына, операцияларды және басқа мәмілелерді жүргізудің ішкі тәртіптеріне және рәсімдеріне сәйкес келмеуі, оларды орталық депозитарий қызметкерлерінің және (немесе) өзге тұлғалардың бұзуы (алдын ала ойластырылмаған немесе қасақана іс-әрекеттердің немесе іс-әрекетсіздіктің салдары), орталық депозитарийдің ақпараттық, коммуникациялық және басқа жүйелерімен және (немесе) олардың бас тартуларымен (қызмет істеуді бұзуларымен) қолданылатын функционалдық мүмкіндіктерінің сай келмеушілігі (жетіспеушілігі), сондай-ақ сыртқы оқиғалардың ықпалы нәтижесіндегі шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі; ҚҚА Басқармасының 2010 жылдың 1 ақпанындағы № 5 қаулысымен бекітілген, Орталық депозитарийде тәуекелдерді басқару жүйесінің бар болуы қойылатын талаптар бойынша нұсқаулық (3 тармақтың 12 тармақшасы)
опцион оған сәйкес бір тарап (опцион сатушысы) екінші тарапқа (опционды сатып алушы) болашақта келісілген жағдайларда пәтуаласқан баға бойынша базалық актив сатып алу немесе сату құқығын сататын туынды қаржы құралы. Опционды сатушы өзіне міндеттемелер алады, ал сатып алушы құқыққа ие болады Азаматтық кодекс (128-3 бабының 1 тармағы)
оригинатор ҚРҰБ талаптарына сәйкес исламдық аранйы қаржы компаниясына сату-сатып алу келісім-шарты негізінде өз активтерін беретін және (немесе) исламдық арнайы қаржы компаниясының құрылтайшысы болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңды тұлған-резиденті "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 71 тармақшасы)
орналастыру бағасы акцияларды бастапқы бағалы қағаздар нарығында орналастыру кезінде анықталатын акция бағасы "Акционерлік қоғамдар туралы" заң (1 баптың 18 тармақшасы)
орналастырылған акциялар акционерлік қоғамның бағалы қағаздардың бастапқы нарығында құрылтайшылар мен инвесторлар құнын төлеген, акциялар "Акционерлік қоғамдар туралы" заң (1 баптың 19 тармақшасы)
орналастырылған пайларды есепке алуға арналған инвестициялық пай қорының жеке шоты инвестициялық пай қорының айналыстағы орналастырылған пайларының санын есепке алу жүзеге асырылатын, тізілімдер жүйесіндегі жеке шот ҚҚА Басқармасының 2006 жылдың 25 ақпанындағы № 62 қаулысымен бекітілген, Бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілім жүйесін жүргізу ережелері (1 тармақтың 8 тармақшасы)
орналастырылған эмиссиялық бағалы қағаздар бағалы қағаздардың бастапқы нарығында инвесторлар ақысын толық төлеген, эмиссиялық бағалы қағаздар "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 72 тармақшасы)
ортақ өкілдің жеке шоты тізілімдер жүйесіндегі ортақ меншікке қатысушылардың ортақ өкіліне ашылған, меншік құқығымен бірнеше тұлғаға тиесілі бағалы қағаздарды есепке алу жүзеге асырылатын, жеке шот ҚҚА Басқармасының 2006 жылдың 25 ақпанындағы № 62 қаулысымен бекітілген, Бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілім жүйесін жүргізу ережелері (1 тармақтың 8 тармақшасы)
орталық депозитарий Қазақстан Республикасының аумағында депозитарийлік қызметті жүзеге асыратын бірден-бір мамандандырылған коммерциялық емес ұйым "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 73 тармақшасы)
орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесi депозитарлық қызметтi жүзеге асыру кезiнде орталық депозитарий қалыптастыратын мәлiметтер жиынтығы "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заңы (1 баптың 74 тармақшасы)
орталық контрагент қор биржасында немесе тауарлы биржасында қаржы құралдарының әрбір сатушысы мен әрбір сатып алушысы үшін жасалатын мәмілелер бойынша тарап болып табылатын, заңды тұлға "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 75 тармақшасы)
орташа сараланған дисконтталған баға аукционда кесімді бағамен қалыптасқан, қысқа мерзімді ноталарды көлеміне қатынасты сараланған, орташа дисконтталған баға ҚРҰБ Басқармасының 2005 жылдың 15 қыркүйегіндегі № 108 қаулысымен бекітілген, ҚРҰБ қысқа мерзімді ноталарын шығару, орналастыру және өтеу ережелері (1 баптың 8 тармақшасы
орындаушы базалық шартқа сәйкес мүлікті түзетін және беретін, сондай-ақ түзілген мүлікті пайдалану үдерісінде қызметтер көрсететін және (немесе) тауарлар шығаратын және (немесе) жұмыстарды орындайтын, заңды тұлға "Жобалық қаржыландыру және секьюритизациялау" заң (1 баптың 13 тармағы)
Ө
өз операциялары валюталық шарттың тарабы болып табылатын резиденттiң өз атынан және өз қаражаты есебiнен жүзеге асыратын валюталық операциялары; ҚРҰБ Басқармасының 2012 жылдың 28 сәуіріндегі № 154 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережелері (2 тармақтың 3 тармақшасы)
өзiн-өзi реттейтiн ұйым бағалы қағаздар нарығында өз қызметiнiң бiрыңғай қағидалары мен стандарттарын белгiлеу мақсатымен қауымдастық (одақ) нысанында бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушылар құрған, заңды тұлға "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 80 тармақшасы)
өтiнiш берушi бағалы қағаздар нарығында қызметтi жүзеге асыру үшiн лицензия алу мақсатымен уәкiлеттi органға құжаттарды ұсынған, заңды тұлға "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 77 тармақшасы)
өтінім бағасы қаржы құралын сату немесе сатып алу өтінімінде көрсетілген баға KASE Биржалық кеңесінің 2004 жылдың 29 желтоқсанындағы шешімімен (№ 49 хаттама) Сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида (1 баптың 2 тармағының 12) тармақшасы)
өтінімді қанағаттандыру істегі қарсылама өтінімдер есебінен өтінімнің толық көлемі немесе бір бөлігі негізінде мәміле жасасу KASE Биржалық кеңесінің 2004 жылдың 29 желтоқсанындағы шешімімен (№ 49 хаттама) Сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида (1 баптың 2 тармағының 9) тармақшасы)
өтініш беруші Даулар мен шиеленісулерді шешу комисссиясына дау мен шиеленісуді қарауды бастамалайтын, биржаның және/немесе мәміленің қатысушысы KASE Биржалық кеңесінің 2012 жылдың 28 мамырындағы шешімімен (№ 10 хаттама) бекітілген, Қаржы құралдарымен мәмілер жасасу барысында туындайтын даулар пен шиеленісулерді шешу тәртібі (2 тармақтың 2 тармақшасы)
П
пай инвестициялық пай қорындағы оның иесінің үлесін, инвестициялық пай қоры жұмыс істеуін тоқтатқан кезде оның активтерін және (немесе) заңнамада белгіленген жағдайда өзге де мүлікті өткізуден алынған ақшаны алу құқығын, сондай-ақ заңнамада айқындалған инвестициялық пай қоры қызметінің ерекшеліктеріне байланысты өзге де құқықтарды растайтын, шығарылымы құжатталмаған нысандағы атаулы эмиссиялық бағалы қағаз "Инвестициялық қорлар туралы" заң (1 баптың 1 тармақшасы)
пай ұстаушы инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылар тізілімі жүйесінде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде жеке шоты бар және инвестициялық пай қорының пайлары бойынша құқықтарға ие тұлға "Инвестициялық қорлар туралы" заң (1 баптың 14 тармақшасы)
пайды сатып алу басқарушы компанияның заңға және инвестициялық пай қорының қағидаларына сәйкес анықталатын құнын пай ұстаушысына төлеуі арқылы пайды айналымнан шығару "Инсһвестициялық қорлар туралы" заң (1 баптың 15 тармағы)
пайдың есептелу құны инвестициялық пай қорының таза активтерінің құнын оның айналыстағы пайларының санына бөлу арқылы анықталатын пай құнының ақшалай көрінісі "Инвестициялық қорлар туралы" заң (1 баптың 16 тармақшасы)
пайдың номиналды құны инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру кезіндегі пай құнының ақшалай көрінісі "Инвестициялық қорлар туралы" заң (1 баптың 17 тармақшасы)
пайларды бастапқы орналастыру инвестициялық пай қоры активтерінің ең төменгі мөлшерін қалыптастыру мақсатында пайларды номиналды құны бойынша орналастыру кезеңі "Инвестициялық қорлар туралы" заң (1 баптың 18 тармақшасы)
пруденциялық нормативтер уәкiлеттi органның қаржылық ұйымдар үшiн олардың қаржы тұрақтылығын және қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылар мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету мақсатында белгiлейтiн, экономикалық шектеулер "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекет тарапынан бақылау туралы" заң (5 бап)
пруденциялық нормативтер уәкiлеттi орган белгiлеген және лицензиат сақтауға тиiс, нормалардың қаржылық көрсеткiштерi "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 78 тармақшасы)
Р
Растау жүйесі осы жүйеге қосылған тұлғаларға сауда-саттық жүйесі арқылы осы тұлғалардың атынан, осы тұлғалардың тапсырмасымен немесе осы тұлғалардың не олардың клиенттерінің мүддесіне жасалған мəмілелер туралы мəліметтер алып, алынған мəліметтерді өңдеу негізінде Биржаға осы мəмілелерді растау (жасалған мəмілелердің шарттарының осы мəмілелер жасалуы тиіс немесе жасалуы мүмкін шарттарына сəйкестігі туралы хабарламалар) немесе осы мəмілелерді растаудан бас тарту туралы мəліметтерді беруге мүмкіндік беретін, Биржаның бағдарламалық-техникалық кешені KASE Басқармасының 2003 жылдың 28 наурызындағы № 38/1 шешімімен бекітілген, сауда-саттық жүйесімен қашықтан кіру тәртіптемесінде жұмыс жасау ережелері (1 тармақтың 8 тармақшасы)
Растау жүйесін пайдаланушы KASE мүшелеріне өзіне тиесілі сауда-саттық шоттары бойынша қаржы құралдарымен мәмілелер жасасуға құқық беретін, кастодиан; немесе, KASE Растау жүйесіне қосқан, KASE мүшелерінің қаржы құралдарымен жасаған мәмілелерін орындауды өзінің (банктік немесе жеке) шоттары бойынша жүзеге асыратын, кастодиан KASE Биржалық кеңесінің 2012 жылдың 14 мамырындағы шешімімен (№ 9 хаттама) бекітілген, Қаржы құралдарымен клирингілік қызметті жүзеге асыру ережелері (2 баптың 1 тармағының 53 тармақшасы)
Растау жүйесінің қатысушысы KASE Растау жүйесінің терминалы арқылы қандай да бір әрекеттер жасауға өкілденген, жеке тұлға KASE Биржалық кеңесінің 2012 жылдың 15 маусымындағы шешімімен (№ 12 хаттама) бекітілген, Сауда-саттық жүйесін пайдаланушыларын сертификаттау ережелері (1 тармақтың 5 тармақшасы)
резервтік орталығы орталық депозитарийдің есепке алу жүйесін және жеке шоттардың бірыңғай жүйесін енгізу жүйесін құрайтын электронды деректердің сақталуын жүзеге асыратын, ұйым ҚҚА Басқармасының 2008 жылдың 29 желтоқсанындағы № 238 қаулысымен бекітілген, Орталық депозитарийдің қызметін жүзеге асыру ережелері (1 тармақтың 5 тармақшасы)
рейтинг белгiлi бiр эмитенттiң шамамен алғандағы кредит қабiлетiн немесе оның бағалы қағаздарының сапасы мен сенiмдiлiгiн белгiлейтiн бағаның жеке сандық және әрiппен белгiленген, көрсеткiшi "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 80 тармақшасы)
репатриациялау мерзімі экспорт датасы мен экспортты төлеуге валюта келіп түскен күн арасындағы не импорт бойынша ақша төленген және (немесе) аударылған күн мен резидент емес міндеттемелерін орындамаған және (немесе) толық орындамаған жағдайда импорт бойынша пайдаланылмаған аванс қайтарылған күн арасындағы, не импорт бойынша ақша төленген және (немесе) аударылған күн мен келісімшартта пайдаланылмаған авансты қайтару мерзімі болмаған жағдайда импорт күні арасындағы уақыт кезеңі; ҚРҰБ Басқармасының 2012 жылдың 24 ақпанындағы № 42 қаулысымен бекітілген, ҚР экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және импорт бойыншы келісімшарттарын алу ережелері (1 баптың 2 тармақтың 14 тармақшасы)
репо операциясы тараптары екі бірдей тұлғалар болып табылатын ("репо" операциясына қатысушылар), "репо" операциясының мәнi бiр шығарылымның бағалы қағаздарымен жасалған орындалу мерзiмi бойынша ерекшеленетін және бағыттары бойынша бiр-бiрiне қарама-қарсы, бiр уақытта жасаған екi мәмiленiң жиынтығы; ҚҚА Басқармасының 2006 жылдың 25 ақпанындағы № 61 қаулысымен бекітілген, Номиналды ұстау қызметтерін көрсететін, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеуінің, бағалы қағаздарды ұстаушыларының жеке шоттарынан үзінді көшірмелерін беруінің және номиналды ұстаушымен ақпаратты ашуының ережелері (1 тармақтың 8 тармақшасы)
репо операциясының кірістілігі репо операциясының мерзімі мен ашылу жəне жабылу бағалары айырмасына тəуелді, жылдық пайызбен есептелетін, репо операциясының сандық сипаттамасы KASE Биржалық кеңесінің 2012 жылдың 29 ақпанындағы шешімімен (№ 04 хаттама) бекітілген, Репо операцияларын жүзеге асыру ережелері (4 тармақтың 3 тармақшасы)
репо сатушысы ашылу мəмілесін жасасқанда репо операциясының затын сатып, жабылу мəмілесін жасасқанда сатып алатын, репо операцияларының қатысушысы KASE Биржалық кеңесінің 2012 жылдың 29 ақпанындағы шешімімен (№ 04 хаттама) бекітілген, Репо операцияларын жүзеге асыру ережелері (4 тармақтың 6 тармақшасы)
репо сатып алушысы ашылу мəмілесін жасасқанда репо операциясының затын сатып алып, жабылу мəмілесін жасасқанда сататын, репо операцияларының қатысушысы KASE Биржалық кеңесінің 2012 жылдың 29 ақпанындағы шешімімен (№ 04 хаттама) бекітілген, Репо операцияларын жүзеге асыру ережелері (4 тармақтың 5 тармақшасы)
С
сақтандыру ұйымы (сақтандырушы) уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясы негiзiнде «өмiрдi сақтандыру» саласында сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға "Зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заң (1 баптың 36 тармақшасы)
сақтық қор қалыптастыру және пайдалану тәртiбi ислам бағалы қағаздарын шығару аңдатпасында анықталатын ислам бағалы қағаздарын орналастырудан алынған ақшаны инвестициялау нәтижесiнде туындайтын залалдарды жабуға арналған, қаражат "Бағалық қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 79 тармақшасы)
сатушы осы жазылымға акциялардың сатушысы ретінде, соның ішінде өз клиенттері атынан қатысатын, Биржаның қор нарығының мүшесі KASE Биржалық кеңесінің 2012 жылдың 29 наурызындағы шешімімен (№ 05 хаттама) бекітілген, акцияларда жазылым жүргізу ережелері (1 баптың 1 тармағының 2 тармақшасы)
сатып алу сомасы зейнетақылық аннуитеттi келісім-шарт мерзiмiнен бұрын бұзылған кезде, сақтанушының (алушының) сақтандыру ұйымынан алуға құқығы бар, қаражат сомасы "Зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заң (1 баптығң 37 тармақшасы)
сатып алушы акциялардың сатып алушысы ретінде, соның ішінде өз клиенттері атынан, акцияларға жазылымға қатысатын, KASE қор нарығының мүшесі KASE Биржалық кеңесінің 2012 жылдың 29 наурызындағы шешімімен (№ 05 хаттама) бекітілген, акцияларда жазылым жүргізу ережелері (1 баптың 1 тармағының 1 тармақшасы)
сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шоты эмитентке тізілімдер жүйесінде ашылған, қайталама бағалы қағаздар нарығында эмитент сатып алған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу жүзеге асырылатын, жеке шот ҚҚА Басқармасының 2006 жылдың 25 ақпанындағы № 62 қаулысымен бекітілген, Бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілім жүйесін жүргізу ережелері (1 тармақтың 9 тармақшасы)
сауда-саттық ақпарат "биржалық сауда-саттық барысында Биржаның сауда-саттық жүйесімен нақты уақыт тəртібінде, арақпараттық мақсаттарда немесе сауда-саттық жүйесінде мəміле жасасу үшін DMA жүйе арқылы жіберілетін ақпарат болып табылатын, ақпараттық өнім. Осындай ақпараттарға жатады:
  • мəміле жасасуға Биржа қабылдаған өтінімдердің бағалары мен көлемдері (саудаланатын қаржы құралдарының саны) туралы мəліметтер;
  • жасалған мəмілелердің бағалары мен көлемдері (саудаланатын қаржы құралдарының саны) туралы мəліметтер;
  • биржаның ішкі құжаттарымен белгіленген тізімдегі нарық индикаторларының сауда-саттық күннің барысында жəне/немесе қорытындысы бойынша есептеп шығарылатын мағынасы туралы мəліметтер
"
KASE Басқармасының 2003 жылдың 28 наурызындағы № 38/1 шешімімен бекітілген, сауда-саттық жүйесімен қашықтан кіру тәртіптемесінде жұмыс жасау ережелері (1 тармақтың 10 тармақшасы)
сауда-саттық жүйесі қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға арналған, Биржаның бағдарламалық-техникалық кешені KASE Басқармасының 2012 жылдың 27 қаңтарындағы шешімімен (№ 17 хаттама) бекітілген, Сауда-саттықтың және Растау жүйесінің жұмыс регламенті (1 баптың 1 тармағының 5 тармақшасы)
сауда-саттық жүйесін пайдаланушы трейдер, растау жүйесін пайдаланушы, байқаушы немесе оператор KASE Биржалық кеңесінің 2012 жылдың 15 маусымындағы шешімімен (№ 12 хаттама) бекітілген, Сауда-саттық жүйесін пайдаланушыларын сертификаттау ережелері (1 тармақтың 5 тармақшасы)
сауда-саттық жүйесінің терминалы немесе "терминал" қашықтан кіру тəртібінде жұмыс жасауға арналған, сауда-саттық жүйесінің клиенттік бөлімі KASE Басқармасының 2003 жылдың 28 наурызындағы № 38/1 шешімімен бекітілген, сауда-саттық жүйесімен қашықтан кіру тәртіптемесінде жұмыс жасау ережелері (1 тармақтың 9 тармақшасы)
сауда-саттық күні барлық қаржы құралдары үшін немесе жеке топтар үшін күнтізбелік күн шегінде Биржа белгілеген кезең, осы кезең барысында сауда-саттық жүйесінде қаржы құралдарымен мәмілелер жасалуы мүмкін KASE Биржалық кеңесінің 2012 жылдың 26 қарашасындағы шешімімен (№ 27 хаттама) бекітілген, Маркет-мейкерлер туралы қағида (1 баптың 1 тармағының 7 тармақшасы)
сауда-саттық регламенті "сауда-саттық регламенті деп оны өткізудің негізгі параметрлерін түсіну керек, оған:
  • сауда-саттық өткізу орны;
  • сауда-саттық өткізу уақыты;
  • сауда-саттық өткізудің негізгі әдісі;
  • лот көлемі;
  • қаржы құрал бағасының өлшем бірлігі;
  • сауда-саттық сессиясының ашылу бағасы;
  • баға ауытқудың шектелімі;
  • сауда-саттық өткізудің қосымша әдісі;
  • сауда-саттықтың резервтегі әдісі;
  • ерекше жағдайлар және сауда-саттық өткізудің негізгі параметрлерін қолдануды шектеу
"
KASE Басқармасының 2012 жылдың 27 қаңтарындағы шешімімен (№ 17 хаттама) бекітілген, Сауда-саттық және Растау жүйесінің жұмыс регламенті (2 баптың 1 тармағы)
сауда-саттық сессиясы егер сауда-саттық күні жеке бөліктерден тұрса, сауда-саттық күнінің бір бөлігі; немесе жеке бөліктерге бөлінбесе, сауда-саттық күні; KASE Биржалық кеңесінің 2012 жылдың 26 қарашасындағы шешімімен (№ 27 хаттама) бекітілген, Маркет-мейкерлер туралы қағида (1 баптың 1 тармағының 6 тармақшасы)
сауда-саттық сессиясының ашылу бағасы қандай да бір шешім қабылдау немесе әрекет жасау, немесе басқа да мақсаттар үшін қолданылатын, суреттеу мақсатында пайдаланылатын сауда-саттық сессиясының сипаттамасының бірі KASE Басқармасының 2012 жылдың 27 қаңтарындағы шешімімен (№ 17 хаттама) бекітілген, Сауда-саттықтың және Растау жүйесінің жұмыс регламенті (1 баптың 1 тармағының 6 тармақшасы)
сауда-саттық шотының өкімшісі ішкі құжаттарға сәйкес, сауда-саттық жүйесінде соның атынан немесе соның мүддесіне сауда-саттық шоты жүргізіліп, осы шот арқылы KASE мүшелері қаржы құралдарымен мәмілелер жасай алатын, осы мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ететін немесе бақылайтын, тұлға; сауда-саттық шотының өкімшісі KASE Растау жүйесінің пайдаланушысы болуы мүмкін KASE Биржалық кеңесінің 2012 жылдың 14 мамырындағы шешімімен (№ 9 хаттама) бекітілген, Қаржы құралдарымен клирингілік қызметті жүзеге асыру ережелері (2 баптың 1 тармағының 58 тармақшасы)
сауда-саттыққа қатысушы сауда-саттыққа қатысуға жіберілген және сауда-саттыққа қатысатын, Биржа мүшесі KASE Биржалық кеңесінің 2004 жылдың 29 желтоқсанындағы шешімімен (№ 49 хаттама) Сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида (1 баптың 2 тармағының 10) тармақшасы)
сауда-саттықты ұйымдастырушы қор биржасы және биржадан тыс бағалы қағаздар нарығының баға белгiлеуші ұйымы (Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 81 тармағы)
сауда-саттықты ұйымдастырушының тізімі қор биржасының сауда жүйесіне немесе биржадан тыс бағалы қағаздар нарығының баға белгілеу ұйымының баға белгілеуді айырбастау жүйесіне айналымға жіберуге рұқсат етілген, сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сәйкес жасалған қаржы құралдарының тізімі "Бағалы қағаздары туралы" заң (1 баптың 82 тармақшасы)
своп оған сәйкес тараптар келісілген шарттармен базалық активтер немесе болашақтағы базалық активтер бойынша төлемдерді айырбастау жөнінде келісетін, туынды қаржы құралы Азаматтық кодекс (128-4 бабы)
сектор белгіленген талаптарға сәйкес эмиссиялық БҚ енгізілген, қаржылық орталықтың арнайы сауда-саттық алаңы тізімінің бір бөлігі ҚҚА Басқармасының 2008 жылдың 26 мамырындағы № 77 қаулысымен бекітілген, Қор биржасында айналысқа жіберілетін, эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жеке санаттарына қойылатын талаптар туралы (1 тармақтың 13 тармақшасы)
секьюритизация бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды шығару арқылы ақшалай талап етуді беруге орай қаржыландыру "Жобалық қаржыландыру және секьюритизациялау туралы" заң (1 баптың 4 тармақшасы)
секьюритизациялау мәмілесі арнайы қаржы компаниясының талап ету құқығын алуы және бөлінген активтермен қамтамасыз етілген, облигацияларды шығару "Жобалық қаржыландыру және секьюритизациялау туралы" заң (1 баптың 15 тармақшасы)
сенімгерлік басқару шарты заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес ақшаны сенімгерлік басқаруға беру туралы басқарушы компания акционерлік инвестициялық қормен немесе инвестициялық пай қорының инвесторымен жасалатын, инвестициялық қор активтерін құрайтын инвестициялық портфельді басқару жөніндегі келісім-шарт "Инвестициялық қорлар туралы" заң (1 баптың 19 тармақшасы)
сервер сауда-саттыққа қатысушылардың барлығынан келіп түскен бұйрықтарды өңдеуді жүзеге асыратын және сауда-саттыққа қатысушылардың арасында автоматты түрде мәмілелердің жасалуын қамтамасыз ететін, KASE бағдарламалық қамтуы орнатылған, техникалық жабдық KASE Биржалық кеңесінің 2001 жылдың 2 қарашасындағы шешімімен бекітілген, Биржаның Сауда-саттық жүйесінде жұмыс істегенде техникалық жаңылыстар сұрақтарын шешу ережелері
сертификаттау орталығы "заңды тұлға, Биржамен жасалған келісім-шарт негізінде мынадай функцияларды атқарады:
  • ашық кілттер сертификаттарын алуға пайдаланушылардан қабылдаған өтінімдерді сақтау;
  • ашық кілттер сертификаттарын беру;
  • ашық кілттерді тіркеу, сақтау жəне істе болу мерзімін тоқтату;
  • істе болу мерзімі аяқталған ашық кілттерді сақтау, есепке алу жəне, қажет болса, осындай кілттер туралы ақпараттарды жариялау (тарату);
  • Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған өзге де функциялар
"
KASE Биржалық кеңесімен 2002 жылдың 6 қарашасында (№ 15 хаттама) бекітілген, Сауда-саттық жүйесімен қашықтан кіру тәртіптемесінде жұмыс жасағанда бағдарламалық- -криптографиялық ақпаратты қорғау құралдарын қолдану ережелері (1 бабы 1 тармағының 19 тармақшасы)
спрэд қандай да бір маркет-мейкердің қандай да бір қаржы құралын сатып алуға және сатуға ең ұтымды міндетті баға белгілеулерінде көрсетілген бағаларының арасындағы айырмашылық KASE Биржалық кеңесінің 2012 жылдың 26 қарашасындағы шешімімен (№ 27 хаттама) бекітілген, Маркет-мейкерлер туралы қағида (1 баптың 1 тармағының 4 тармақшасы)
стресс-тестинг орталық депозитарийдің қаржылық жай-күйіне орталық депозитарийдің қызметіне әсер етуі мүмкін болатын ерекше, бірақ ықтимал оқиғалардың нақты әсер етуін өлшеу әдістері; ҚҚА Басқармасының 2010 жылдың 1 ақпанындағы № 5 қаулысымен бекітілген, Орталық депозитарийде тәуекелдерді басқару жүйесінің бар болуы қойылатын талаптар бойынша нұсқаулық (3 тармақтың 15 тармақшасы)
суб-вендор Биржаның ақпараттық өнімін вендордан немесе басқа да суб-вендордан және/немесе Биржаның ақпараттық өнімі негізінде жасалған ақпаратты (осы баптың 3 тармағында белгіленгенді қоспағанда) алып, осы ақпараттық өнімді таратуға ниеттенген (тарататын), тұлға; KASE Басқармасының 2012 жылдың 20 ақпанындағы шешімімен (№ 31 хаттама) бекітілген, Биржалық ақпаратты коммерциялық ұсыну шарттары туралы қағида (1 баптың 2 тармағының 4 тармақшасы)
Т
тiкелей инвестициялау объектiсi дауыс беретiн акцияларының он және одан көп пайызы немесе қатысушылардың жалпы дауыс санының он және одан көп пайызы тiкелей инвесторға тиесiлi (тиесілі болатын), заңды тұлға ҚРҰБ Басқармасының 2012 жылдың 28 сәуіріндегі № 154 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережелері (2 тармақтың 2 тармақшасы)
тiкелей инвестор инвестициялау объектiсiне тiкелей инвестициялауды жүзеге асыратын (жүзеге асырған), заңды немесе жеке тұлға ҚРҰБ Басқармасының 2012 жылдың 28 сәуіріндегі № 154 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережелері (2 тармақтың 7 тармақшасы)
тiркелген тұлға БҚН кәсiби қатысушысын есепке алу жүйесiнде ашылған жеке шоты бар, тұлға "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 86 тармақшасы)
таза баға борыштық бағалы қағаздың, атаулы құнынан (борыш номиналынан) пайызбен, үтірден кейін төртінші таңбасына дейінгі дәлдікпен көрсетілген, жинақталған (есептелген, бірақ төленбеген) купондық сыйақысы ескерілмеген, бағасы KASE Басқармасының 2012 жылдың 27 қаңтарындағы шешімімен (№ 17 хаттама) бекітілген, Сауда-саттықтың және Растау жүйесінің жұмыс регламенті (1 баптың 1 тармағының 7 тармақшасы)
таза емес баға жинақталған (есептелген, бірақ төленбеген) купондық сыйақысы ескерілген, борыштық бағалы қағаздың бағасы. KASE Басқармасының 2012 жылдың 27 қаңтарындағы шешімімен (№ 17 хаттама) бекітілген, Сауда-саттықтың және Растау жүйесінің жұмыс регламенті (1 баптың 1 тармағының 8 тармақшасы)
тайм-аут сауда-саттық сессиясы (сауда-саттық күні) шегінде қандай да бір атаудағы қаржы құралы бойынша міндетті баға белгілеулерінің жаңа мәндерін жариялау үшін маркет-мейкерге берілетін және маркет-мейкерге осы атаудағы қаржы құралдары бойынша өз міндеттерін орындамауға рұқсат етілетін уақыт аралығы KASE Биржалық кеңесінің 2012 жылдың 26 қарашасындағы шешімімен (№ 27 хаттама) бекітілген, Маркет-мейкерлер туралы қағида (1 баптың 1 тармағының 5 тармақшасы)
талап ету құқықтары талап ету құқықтарын беру шартын жасасқан сәтте қолда бар ақшалай талап етулер (қолда бар талап ету құқықтары), сондай-ақ бар міндеттемеден немесе болашақ міндеттемеден болашақта туындайтын ақшалай талап етулер (болашақ талап ету құқықтары) "Жобалық қаржыландыру және секьюритизациялау туралы" заң (1 баптың 16 тармақшасы)
талап ету құқықтары бойынша түсiмдер дебиторлардың мiндеттемелерi бойынша ақшалай нысандағы түсiмдер, сондай-ақ базалық келісім-шарт бойынша түзілген мүлікті пайдаланған немесе түзілген мүлікті пайдалану процесінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған тұлғалардан түсетiн, түсiмдер "Жобалық қаржыландыру және секьюритизациялау туралы" заң (1 баптың 17 тармақшасы)
талап ету құқықтарының біркелкілігі талап ету құқықтарының облигациялар шығару проспектісінде айқындалған жалпы объективті өлшемге сәйкестігі "Жобалық қаржыландыру және секьюритизациялау туралы" заң (1 баптың 18 тармақшасы)
тапсырыс беруші жеке немесе заңды тұлға, Үкімет немесе жергілікті атқарушы орган атынан әрекет ететін мемлекет, сондай-ақ олар өкілеттік берген, олардың тапсырмасы бойынша базалық келісім-шарт іске асырылатын мемлекеттік органдар "Жобалық қаржыландыру және секьюритизация туралы" заң (1 баптың 19 тармақшасы)
тәуекелдерді басқару жүйесі төрт негiзгi элемент: тәуекелді бағалау, тәуекелді өлшеу, тәуекелді бақылау және тәуекел мониторингі енгізілетін процесс; ҚҚА Басқармасының 2010 жылдың 1 ақпанындағы № 5 қаулысымен бекітілген, Орталық депозитарийде тәуекелдерді басқару жүйесінің бар болуы қойылатын талаптар бойынша нұсқаулық (3 тармақтың 18 тармақшасы)
тәуелсіз директор аталған акционерлік қоғамның аффилиирленген тұлғасы болып табылмайтын және өзі директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде ондай тұлға болмаған (оның осы акционерлік қоғамның тәуелсіз директоры қызметінде болған жағдайды қоспағанда), осы акционерлік қоғамның аффилиирленген тұлғаларына қатынасы жөнінен аффилиирленген тұлға болып табылмайтын; аталған акционерлік қоғамның немесе осы қоғам ұйымының аффилиирленген тұлғаларының лауазымды адамдарына бағынышты емес және директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде сол тұлғаларға бағынышты болмаған; мемлекеттік қызметші болып табылмайтын; осы акционерлік қоғам органдарының отырысында акционердің өкілі болып табылмайтын және өзі директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде ондай аудитор болмаған; аудиторлық ұйым құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде осы акционерлік қоғамның аудитіне қатыспаған және өзі директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде мұндай аудитке қатыспаған директорлар кеңесінің мүшесі "Акционерлік қоғамдар туралы" заң (1 баптың 20 тармақшасы)
тізілімдер жүйесіндегі операция тізілімдер жүйесіне деректер енгізу немесе оларды өзгерту және (немесе) тізілімдер жүйесінен ақпарат дайындау және беру нәтижесі болып табылатын тіркеушінің іс-әрекеттерінің жиынтығы; ҚҚА Басқармасының 2006 жылдың 25 ақпанындағы № 62 қаулысымен бекітілген, Бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілім жүйесін жүргізу ережелері (1 тармақтың 10 тармақшасы)
тікелей өтінім тікелей мәмілелер жасасу әдісін қолданғанда: сауда-саттықтың қандай да бір қатысушысына бағытталған және тек осы сауда-саттыққа қатысушысының шолуына арналған өтінім KASE Биржалық кеңесінің 2004 жылдың 29 желтоқсанындағы шешімімен (№ 49 хаттама) бекітілген, Сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида (2 баптың 1 тармағының 3 тармақшасы)
тіркеуші акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, дауыс беретін акцияларының елу пайыздан астамы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, мамандандырылған коммерциялық емес ұйым "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 тармақтың 18 тармақшасы)
төлем агентi банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын, ұйым "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 83 тармақшасы)
төлемге тұспа-тұс жеткізілім (DVP) мәміленің бір тарапынан бағалы қағаздарды немесе ақшаны жеткізу бойынша міндеттемелерді орындау, екінші тараптың ақша немесе бағалы қағаздарды жеткізу бойынша қарсылай міндеттемелерін орындауысыз мүмкін емес болатын, бағалы қағаздармен мәміле жасасу әдісі Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссия Директоратының 1999 жылдың 26 қазанындағы № 462 қаулысымен бекітілген, Бағалы қағаздардың биржалық сауда-саттығының ережелері
трансфер-агент өз клиенттерiнiң арасында құжаттар (ақпараттар) қабылдау мен беру жөнiнде қызмет көрсететiн бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушы "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 84 тармақшасы)
туынды бағалы қағаздар осы туынды бағалы қағаздардың базалық активке қатынасы бойынша құқықтарды куәландыратын, бағалы қағаздар "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 85 тармақшасы)
туынды қаржы құралдары болашақта осы келісім-шарт бойынша есеп айырысуды жүргізуді көздейтін, құны шарттың базалық активінің мөлшеріне (мөлшердің ауытқуын қоса алғанда) тәуелді келісім-шарт Азаматтық кодекс (128-2 бабының 1 тармағы)
туынды қаржы құралдарының тобы көлемі (туынды қаржы құралдарының саны) бідей жан-жаққа бағытталған жайғасымдарды ашу осы жайғасымдардың жиынтық құнының құнсыздану тәуекелін төмендететін, өзара тығыз байланысқан туынды қаржы құралдарының жиынтығы; туынды қаржы құралдарының бір тобына кіретін туынды қаржы құралдарының жан-жаққа бағытталған жайғасымдарына қатысты бастапқы маржаның льготалық мөлшерлемелері қолданылады KASE Биржалық кеңесінің 2012 жылдың 14 мамырындағы шешімімен (№ 9 хаттама) бекітілген, Қаржы құралдарымен клирингілік қызметті жүзеге асыру ережелері (2 баптың 1 тармағының 5 тармақшасы)
түрлендірілмелі маржа клирингілік қатысушының және оны клиенттерінің қандай да бір сериядағы туынды қаржы құралдары бойынша ашылғаг жайғасымдарының ағымдағы бағалары мен, KASE клирингілік сессиясы барысында қалыптасқан, осы сериядағы туынды қаржы құралының есептесу бағасы арасындағы айырмасының сомасы KASE Биржалық кеңесінің 2012 жылдың 14 мамырындағы шешімімен (№ 9 хаттама) бекітілген, Қаржы құралдарымен клирингілік қызметті жүзеге асыру ережелері (2 баптың 1 тармағының 2 тармақшасы)
тұрақты баға белгілеу үздіксіз қарсылама аукцион әдісімен сауда-саттық өткізгенде, KASE сауда-саттық жүйесіне берілген өтінім KASE мүшесінің осы өтінім шарттары бойынша қаржы құралының кез келген, бірақ осы өтінімде көрсетілгеннен көп емес, саны бойынша сөзсіз мәміле жасасуға әзірлігін білдіреді Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссия Директоратының 1999 жылдың 26 қазанындағы № 462 қаулысымен бекітілген, Бағалы қағаздардың биржалық сауда-саттығының ережелері
Ү
үлестік құрал ұйымның барлық міндеттемелері шегерілгеннен кейін қалатын оның активтеріндегі қалдық үлесіне құқығын растайтын кез-келген шарт Азаматтық кодекс (128-1 бабының 4 тармағы)
Ұ
ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығы эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарымен жасалатын мәмiлелер, сауда-саттық ұйымдастырушысының iшкi құжаттарына сәйкес жүзеге асырылатын, айналым аясы "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 89 тармақшасы)
ұлттық сәйкестендiру нөмiрi эмиссиялық бағалы қағаздарды сәйкестендiру және есепке алуды жүйелеу мақсатымен оларға уәкiлеттi орган беретiн, әрiптiк-цифрлық код "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1баптың 91 тармақшасы)
ұсынбалы бағалы қағаз ол куәландырған құқықтардың бағалы қағазды ұсынушыға тиесiлiгiн растайтын, бағалы қағаз Азаматтық кодекс (129 баптың 2 тармағы)
ұтымды баға
  • қаржы құралының сатушысы үшін – осы қаржы құралын сатуға әзір бағасынан кем емес, қаржы құралының бағасы;
  • қаржы құралын сатып алушысы үшін – осы қаржы құралын сатып алуға әзір бағасынан жоғары емес, қаржы құралының бағасы
KASE Биржалық кеңесінің 2004 жылдың 29 желтоқсанындағы шешімімен (№ 49 хаттама) Сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида (1 баптың 1 тармағының 11) тармақшасы)
Ф
форвард сатып алушы (немесе сатушы) болашақта келісілген шарттарда базалық активті сатып алудың (немесе сатудың) белгіленген мерзімі өткеннен кейін міндеттемені өзіне алатын туынды қаржы құралы Азаматтық кодекс (128-5 баптың 1 тармағы)
фьючерс сатып алушы (немесе сатушы) ұйымдастырылған нарықта белгіленген стандартты шарттарға сәйкес базалық активті сатып алудың (немесе сатудың) белгіленген мерзімі өткеннен кейін міндеттемені өзіне алатын тек ұйымдастырылған нарықта айналымға түсетін туынды қаржы құралы Азаматтық кодекс (128-6 баптың 1 тармағы)
фьючерстік контракт (фьючерс) мерзімдік контракт, осының негізінде сатып алушы (немесе сатушы) белгілі мерзім аяқталғаннан соң, Биржаның ішкі құжаттарында белгіленген шарттарға сəйкес, базалық активті сатып алуға (немесе сатуға) өзіне міндеттеме алады KASE Биржалық кеңесінің 2010 жылдың 28 мамырындағы шешімімен бекітілген, Мерзімдік келісімшарттармен биржалық сауда-саттық жүргізу ережелерә (1 баптың 1 тармағының 7 тармақшасы)
Х
хеджерлеу хеджирлеу объектiсi бағасының немесе өзге де көрсеткiшiнiң қолайсыз өзгеруi нәтижесiнде туындайтын ықтимал залалды өтеу мақсатында жасалатын туынды қаржы құралдарымен операциялар. Бұл ретте, активтер және (немесе) мiндеттемелер, сондай-ақ көрсетілген активтерге және (немесе) мiндеттемелерге немесе күтiлетiн мәмiлелерге байланысты ақша легi хеджирлеу объектiсi деп танылады "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 92 тармақшасы)
хеджерлеу құралдары хеджерлеу операцияларын жүзеге асыру үшін қолданылатын, туынды қаржы құралдар ҚҚА Басқармасының 2006 жылдың 27 қазанындағы № 225 қаулысымен бекітілген, Зейнетақылық активтердің инвестициялық басқаруын жүзеге асыратын, ұйымдар мен жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметтерін жүзеге асыру ережелері (2 тармақтың 6 тармақшасы)
Ш
шектелімді өтінім сатып алуды қалаған максималды бағасы көрсетілген, орналастырылатын қазынашылық міндеттемелерді сатып алуға өтінім KASE Биржалық кеңесінің 2004 жылдың 29 желтоқсанындағы шешімімен (№ 49 хаттама) бекітілген, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін орналастыру ережелері (1 баптың 1 тармақшасы)
шетел валютасымен жасалатын операциялар бойынша комиссиялық алымдар шетел валютасын сату-сатып алу бойынша Биржаның комиссиялық алымдары KASE Биржалық кеңесінің 2012 жылдың 29 наурызындағы шешімімен (№ 5 хаттама) бекітілген, Мүшелік жарналар мен биржалық алымдар туралы қағида (1 баптың 1 тармағының 1 тармақшасы)
шетелдік бағалы қағазы Қазақстан Республикасынан өзге мемлекеттің заңдарына сәйкес шығарылған, бағалы қағаз KASE Биржалық кеңесінің 2009 жылдың 5 қарашасындағы шешімімен № 29 (з) хаттамасы) бекітілген, Листингілік ережелер (1 тармағының 7 тармақшасы)
шетелдік мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаз қарыз алушы ретінде шет мемлекеттiң үкiметi болатын қарызға қатысты оны ұстаушының құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаз немесе, шет мемлекеттiң заңнамасына сәйкес мемлекеттiк бағалы қағаздарға жатқызылған, өзге де бағалы қағаз "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 93 тармақшасы)
шығарылым құрылымы шығарылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың саны, олардың түрi, номиналды құны (облигациялар үшiн) туралы мәлiметтер "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 94 тармақшасы)
І
ірі акционер бір-бірімен жасалған келісім негізінде әрекет ететін, өзіне (жинақтап алғанда өздеріне) акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының он және одан да көп пайызы тиесілі акционер немесе бірнеше акционер "Акционерлік қоғамдар туралы" заң (1 баптың 23 тармақшасы)
ішкі аудит қызметі Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасына сәйкес құрылған бөлімше; ҚҚА Басқармасының 2010 жылдың 1 ақпанындағы № 5 қаулысымен бекітілген, Орталық депозитарийде тәуекелдерді басқару жүйесінің бар болуы қойылатын талаптар бойынша нұсқаулық (3 тармақтың 21 тармақшасы)
ішкi құжаттар БҚН субъектiсiнiң, оның органдарының, құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдарының, өкiлдiктерiнiң), қызметкерлерiнiң қызмет жағдайлары мен тәртiбiн, қызметтер көрсетуiн және оларға ақы төлеу тәртiбiн реттейтiн, құжаттар "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 95 тармақшасы)
Э
экспорттық-импорттық валюталық бақылау өкілетті банктер, ҚРҰБ және басқа да мемлекеттік органдардың резиденттердің шетел және ұлттық валютаны репатриациялау талабын орындауды қамтамасыз ету мақсатында, өз құзыреттері шеңберінде жүзеге асыратын іс-шаралар кешені ҚРҰБ Басқармасының 2012 жылдың 24 ақпанындағы № 42 қаулысымен бекітілген, Экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру және резиденттердің экспорт пен импорт бойынша есепке алу келісімшарт нөмірлерін алу ережелері (2 баптың 1 тармағының 1 тармақшасы)
электрондық құжатқа қол қою электрондық құжатқа электрондық сандық қолтаңбаны енгізу KASE Биржалық кеңесімен 2002 жылдың 6 қарашасында (№ 15 хаттама) бекітілген, Сауда-саттық жүйесімен қашықтан кіру тәртіптемесінде жұмыс жасағанда бағдарламалық- -криптографиялық ақпаратты қорғау құралдарын қолдану ережелері (1 бабы 1 тармағының 12 тармақшасы)
электрондық құжаттармен алмасуға арналған мамандандырылған жүйе Клирингілік қатысушылардың Биржаға құжаттар мен ақпараттарды электрондық түрде (осы құжаттар мен ақпараттық сипаттағы хабарламалардың қағаздағы нұсқаларысыз) ұсынуына мүмкіншілік беретін, KASE және клирингілік қатысушы арасында электрондық құжаттармен алмасуға арналған арнайы мамандандырылған жүйе KASE Биржалық кеңесінің 2012 жылдың 14 мамырындағы (№ 9 хаттама) шешімімен бекітілген, Қаржы құравлдарымен клирингілік қызметті жүзеге асыру ережелері (2 баптың 1 тармағының 67 тармақшасы)
электрондық құжаттың түпнұсқалығы электрондық құжаттың мынадай шарттарға сəйкестігінің сипаттамасы: электрондық құжатқа электрондық сандық қолтаңбалар қойылғаннан кейін оған өзгертулер мен толықтырулар енгізілмегеніне тексеруден өтті (электрондық сандық қолтаңбаны тексеру арқылы); жəне электрондық құжатқа қойылатын электрондық сандық қолтаңбаларды тексеру үшін қолданылатын ашық кілттер осы электрондық құжаттарға аталмыш электрондық сандық қолтаңбалар қойылған сəтте істе болып табылады жəне осы электрондық құжатта көрсетілген тұлғаларға, осыда берілген (осы тұлғалардың атында тіркелген) ақпараттардың авторы (жіберушісі) ретінде, тиесілі; KASE Биржалық кеңесімен 2002 жылдың 6 қарашасында (№ 15 хаттама) бекітілген, Сауда-саттық жүйесімен қашықтан кіру тәртіптемесінде жұмыс жасағанда бағдарламалық- -криптографиялық ақпаратты қорғау құралдарын қолдану ережелері (1 бабы 1 тармағының 11 тармақшасы)
электрондық сандық қолтаңба (ЭСҚ) электрондық құжаттың міндетті жəне ажыратылмайтын деректемесі; осы электрондық құжаттың мазмұнындағы ақпаратты криптографиялық өзгерту нəтижесінде жабық кілтті пайдалану арқылы алынған электрондық түрдегі мəліметтер, электрондық құжаттың түпнұсқалығын тексеру үшін пайдаланылады KASE Биржалық кеңесімен 2002 жылдың 6 қарашасында (№ 15 хаттама) бекітілген, Сауда-саттық жүйесімен қашықтан кіру тәртіптемесінде жұмыс жасағанда бағдарламалық- -криптографиялық ақпаратты қорғау құралдарын қолдану ережелері (1 бабы 1 тармағының 20 тармақшасы)
электрондық түрдегі мəліметтер электрондық есептеу техникасы жəне ақпараттарды құру, өңдеу, беру жəне қабылдаудың өзге де электрондық құралдары арқылы берілетін, ақпарат KASE Биржалық кеңесінің 2002 жылдың 6 қарашасындағы шешімімен (№ 15 хаттама) бекітілген, Сауда-саттық жүйесімен қашықтан кіру тәртіптемесінде жұмыс жасағанда ақпараттарды қорғаудың бағдарламалық-криптографиялық құралдарын қолдану ережелері
эмиссиялық бағалы қағаздар бiр шығарылым шегiнде бiртектi белгiлері мен реквизиттерi болатын, осы шығарылым үшiн бiрыңғай жағдайлар негiзiнде орналастырылатын және айналымға түсетiн бағалы қағаздар "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 96 тармақшасы)
эмиссиялық бағалы қағаздар айналымы бағалы қағаздардың қайталама нарығында бағалы қағаздармен азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасасу "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 97 тармақшасы)
эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының күшiн жою эмиссиялық бағалы қағаздың азаматтық құқықтар объектiсi ретiнде қолданысын тоқтату "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 102 тармақшасы)
эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру бағалы қағаздардың бастапқы нарығында бағалы қағаздарды сату "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 99 тармақшасы)
эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектiсi эмитент, оның қаржылық жағдайы, сатылады деп болжанатын эмиссиялық бағалы қағаздар, шығарылымның көлемi, шығарылымдағы бағалы қағаздардың саны, олардың шығарылымы, орналастырылуы, айналымда болуы, дивидендтер (сыйақы) төлеу, өтеу рәсiмi мен тәртiбi туралы мәлiметтер және инвестордың бағалы қағаздар сатып алу туралы шешiмiне ықпал етуi мүмкiн басқа да ақпарат бар, құжат "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 100 тармақшасы)
Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмi уәкiлеттi орган қалыптастыратын эмиссиялық БҚ шығарылымдары мен олардың эмитенттерi туралы мәлiметтердiң жиынтығы "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 98 тармақшасы)
эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымы эмиссиялық бағалы қағаздардың азаматтық құқықтар объектiсi ретiнде пайда болуына бағытталған, эмитенттiң iс-әрекеттері немесе орналастырылуы, айналымда болуы және өтелуi осы эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiне сәйкес жүзеге асырылатын, белгiлi бiр бағалы қағаздардың жиынтығы "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 101 тармақшасы)
эмиссиялық консорциум эмитентке эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру жөнiнде қызмет көрсету мақсатында бiрлескен қызмет туралы шарт негiзiнде құрылған андеррайтерлердiң бiрлестiгi "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 103 тармақшасы)
эмитент эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруды жүзеге асыратын, тұлға "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заң (1 баптың 104 тармақшасы)
эмитенттің міндеттемелерін қайта құрылымдау эмитентпен қайта құрылымдау жоспары негізінде іске асырылатын, әкімшіліктік, заңдық, қаржылық, ұйымдастырушылық-техникалық және басқа да іс-шаралар мен процедуралардың кешені ҚҚА Басқармасының 2008 жылдың 26 мамырындағы № 77 қаулысымен бекітілген, Қор биржасында айналысқа жіберілетін, эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жеке санаттарына қойылатын талаптар туралы (1 тармақтың 15 тармақшасы)
S
"stop-loss" шектелімдеріі қаржы құралдарымен жасалатын операциялар бойынша залалдың рұқсат етілген шекті деңгейі ҚҚА Басқармасының 2009 жылдың 26 қыркүйегіндегі № 209 қаулысымен бекітілген, Бағалы қағаздар нарығыныда брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыратын, ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру ережелері (3 тармақтың 24 тармақшасы)
T
"take profit" лимиттері қаржы құралдарымен операциялар бойынша кірістердің рұқсат етілген шекті деңгейі; ҚҚА Басқармасының 2009 жылдың 26 қыркүйегіндегі № 209 қаулысымен бекітілген, Бағалы қағаздар нарығыныда брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыратын, ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру ережелері (3 тармақтың 24 тармақшасы)