KASE
АҚПАРАТТЫҚ-БІЛІМ
БЕРУ САЙТЫ
БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ ТАЛДАУЛАР ЖӘНЕ БАСЫЛЫМДАР ОҚЫТУ САУДА-САТТЫҚТАРЫ МЕН КОНКУРСТАР


Рубриканың серіктесі "ИРБИС" Қаржы нарықтарының ақпараттық агенттігі" ЖШС

Ойындар мен байқаулар қатысушылардың қаржылық сауаттылығын ашып, бағалы қағаздар нарығында инвестициялау мәдениетіне үйретуге, нарыққа бөлшек сауда инвесторын тартуға және елімізде дамып келе жатқан интернет-трейдингті таратуға бағытталған.

Ойындар нақты биржалық сауда-саттыққа жақындатылған. Жоба шегінде, сериялармен топтастырылған, жеке және командалық, сондай-ақ командалық студенттік ойындар өткізіледі.

Ойынның алдында әр ойыншының шотына виртуалды ақшаның белгілі бір сомасы аударылады.

Ойын барысында қатысушылар инвестициялық портфельдерін қалыптастырып, нарықтың ең өтімді акцияларын сату немесе сатып алу мәмілелерін жасасу арқылы, оның құнын мейлінше ұлғайтуға талпынады.

Сауда-саттықтың негізгі нұсқасының баға белгілеулері нақты уақыт тәртіптемесінде ойынға келіп түседі. Инвестициялық портфельдерді интерактивті қадағалау көмегімен ойыншылар осы портфельдердің құны нарықтық жағдайға қарай өзгеруін түсінуге мүмкіншілік береді

Ойындар сериясы аяқталу сәтіне құны ең үлкен портфель қалыптастырған ойыншы осы ойындар сериясының жеңімпазы атанады. Бұл ретте, портфельдегі акцияларды бағалау үшін, серия аяқталарда тіркелген, бағалы қағаздардың нақты нарықтық бағалары қолданылады.

Ұйымдастырушылар: "Ирбис" Қаржы нарықтарының ақпараттық агенттігі" ЖШС "Қазақстан қор биржасының" АҚ қолдауымен.

"Биржалық симулятор" ойынының қорытындылары