KASE
АҚПАРАТТЫҚ-БІЛІМ
БЕРУ САЙТЫ
БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ ТАЛДАУЛАР ЖӘНЕ БАСЫЛЫМДАР ОҚЫТУ САУДА-САТТЫҚТАРЫ МЕН КОНКУРСТАР


Инвестициялаудың негіздері

Бағалы қағаздар нарығы (БҚН) – қаржы нарығының бір бөлігі.

Қаржы нарығы – қаржылық қызметтерін көрсету және тұтынуға, сондай-ақ қаржы құралдарын шығару және айналысқа жіберуге байланысты, қарым-қатынастардың жиынтығы (Қазақстан Республикасының "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" заңының 1 бабы 6) тармақшасы).

Қаржылық қызметті келесі ұйымдар ұсынады:

  • Бағалы қағаздар нарығының субъектілері
  • Банктер
  • Банктік операциялардың кейбір түрлерін жүргізетін ұйымдар
  • Сақтандыру нарығының және өзара сақтандыру қоғамдарының қатысушылары